AI Qazaqstan
Казахстан

Материал на языке оригинала: Қазақша.

Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстанның 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық жоспарын әзірлеуді ұсынды

Президент көлік-транзит саласындағы серіктестікті жандандырудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. – Былтыр елдеріміз арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті...

7 ноября 2026 г. · Источник: El Orda Info

Президент көлік-транзит саласындағы серіктестікті жандандырудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. – Былтыр елдеріміз арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті көлемі сәйкесінше 8 және 15 пайызға ұлғайып, шамамен 7 миллион тоннаны құрады. Тасымалдаушыларға жасалған жағдай биыл да оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді. Көлікті цифрландыру мәселесіне баса назар аудару жөнінде уағдаластық. Бұл жүкті іркіліссіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Аталған бағытты одан әрі дамыту үшін басты көлік-логистика жобаларын іске асыру перспективасы пысықталады. Ұлттық теміржол компаниялары деңгейіндегі жұмыс тобына ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында су-энергетика саласына айрықша мән берілгенін жеткізді. – Қазақстан трансшекаралық өзендер қорын пайдалану мәселесіне қатысты бірізді саясаты мен қолдауы үшін тәжік тарапына алғыс айтады. Біз осы бағыттағы конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға келістік. Су саласына цифрлық шешімдерді енгізу, су ресурстарын есепке алу және мониторинг жүйесін бірлесе дамыту – басым міндет, – деді Президент. Мемлекет басшысы атап өткендей, екі елдің IT-сектордағы ынтымақтастығы мол мүмкіндікке жол ашады. – Кейінгі жылдары еліміз мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын дамыту ісінде едәуір табысқа қол жеткізді. Бұған дейінгі уағдаластықтар аясында тәжік тарапына электрондық үкімет платформасының цифрлық шешімдері берілді. Тәжікстандық мамандар Қазақстанның үздік IT-мектептеріндегі тағылымдама курстарын ойдағыдай аяқтады. М. Осими атындағы Тәжік техникалық университеті жанынан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қатысуымен бірлескен ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Осы іспетті жобалар елдеріміздің технологиялық тұрғыдан өрлеуіне септігін тигізетініне сенімдімін. Барлық бағыттағы ауқымды жұмысты жүйелеу үшін Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеп, қабылдауды ұсындық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читать у источника →

Ещё в теме

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz