Astana Hub резиденттерінің түсімі бірінші тоқсанда 900 млн доллардан асты
Қазақстан бойынша IT-қызметтер экспорты 241,2 миллион долларды құрады
- 01.Қазақстан бойынша IT-қызметтер экспорты 241,2 миллион долларды құрады
Astana Hub резиденттерінің түсімі бірінші тоқсанда 900 млн доллардан асты
Қазақстан бойынша IT-қызметтер экспорты 241,2 миллион долларды құрады
Қазақстан цифрлық қызмет экспортын арттырып, жасанды интеллекттің ұлттық инфрақұрылымын дамытып жатыр және мемлекеттік сервистерді eGov 3.0 платформасына көшіруде, деп хабарлайды primeminister.kz.
«Қазақстан электрондық үкіметтің әлемдік рейтингінде 24-орында тұр, мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн режимінде қолжетімді. Келесі кезең – мемлекеттік цифрлық өнімдерді QazTech бірыңғай технологиялық негізіне көшіру. 2026 жылы 39 жүйені ауыстыру жоспарланған, оның 10-ы жаңа платформада жұмыс істеп тұр. Осы базада eGov 3.0 дамып келеді. eGov GPT арқылы ең көп сұранысқа ие 51 қызметті пайдалануға болады, бұл – азаматтар өтінішінің шамамен 30%-ы. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу көзделіп отыр», - деп хабарлады үкімет.
Бұған қоса, есептеу қуаттарын, деректерді, әзірлеу құралдары мен дайын модельдерді біріктіретін ЖИ ұлттық платформасы пилоттық режимде сынықтан өтуде. ЖИ-ассистенттерді 2 миллионнан астам рет қолданған, қазір 50-ден астам ЖИ-агент әзірленіп жатыр.
ЖИ-ге арналған меншікті есептеу инфрақұрылымына ТОП-500 тізімінде 86-орынға ие болған Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластері және 2025 жылғы дерек бойынша 103-орында тұрған «Казақтелеком» коммерциялық суперкомпьютері кіреді. IT-қызметтер экспорты 1,1 миллиард долларға жетті.
Аралық қуаты 1 ГВт-қа дейінгі «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» – ең ірі жаңа жобаның бірі. Қазірдің өзінде 500 МВт-тан астам әлеуетті сұраныс қалыптасты, Firebird компаниясымен 10 миллиард доллардың келісімі жасалды. Ынта білдірушілерге арналған алаң үшін Екібастұз энерготорабына тікелей қосылу, дерек тасымалдаудың резервтік халықаралық арналары және Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылуда. Қатысушыларға арнайы реттеу шарттары мен салықтық жеңілдіктер карастырылған.
Astana Hub 2,5 мыңнан астам компанияның басын қосады. 2026 жылдың І тоқсанында қатысушылардың түсімі 907 миллион долларға, Қазақстан бойынша IT-қызметтер экспорты 241,2 миллион долларға жетті. Халықаралық хабтар арқылы шетелдік нарыққа 100-ден астам қазақстандық стартап шықты.
Astana Hub 2,5 мыңнан астам компанияның басын қосады. 2026 жылдың І тоқсанында қатысушылардың түсімі 907 миллион долларға, Қазақстан бойынша IT-қызметтер экспорты 241,2 миллион долларға жетті. Халықаралық хабтар арқылы шетелдік нарыққа 100-ден астам қазақстандық стартап шықты.
Ақтаудан Қорғасқа дейінгі ұзындығы шамамен 4,5 мың шақырым болатын магистральдық талшықты-оптикалық желінің құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінде 2,5 мың шақырымнан астамы төселді. Гипермагистральды аяқтау және пайдалануға беріп іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған. Өткізу қабілеті – 12 Тбит/с-тан басталады деп күтілуде. Аталған инфрақұрылым бұлтты платформаларды, ЖИ-шешімдерді, ақылды қала жүйелерін, телемедицинаны, EdTech, финтех пен өнеркәсіптік заттар интернетін дамытуға негіз болады.
Соңғы үш жылда телекоммуникацияға салынған инвестиция 1 триллион теңгеден асты. Тіркелген байланыс абоненттерінің саны 19%-ға, мобильді байланыс – 12%-ға, интернет-трафик – 67%-ға өсті. Ауылдарды заманауи мобильді байланыс стандарттарымен қамту айтарлықтай кеңейтілді: базалық 3G желісі бар елді мекендер саны бес еседен астам азайып, 550-ге дейін төмендеді.
Алдағы екі жылда 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтып, оптикалық байланысы бар ауылдық елді мекен үлесін 43%-дан 92%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қатынауы қиын шалғай аймақтар үшін Starlink және OneWeb спутниктік сервистері қосылды, келесі кезеңде Direct to Cell технологиясы енгізіледі.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ отандық IT-компания өкілдерімен денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізген еді. Сондай-ақ Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніне арналған бірыңғай цифрлық платформа құрылуда. Фермерлер субсидияны онлайн рәсімдеп, ветеринариялық сертификаттарды ала алады. Жақын жылдарға арналған жоспарда өсімдік шаруашылығына арналған жаңа сервистерді енгізу және 2028 жылға қарай барлық жүйені толық біріктіру қарастырылған.
Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының материалдарымен жұмыс істегенде тек 30% мәтінді ғана пайдалану, міндетті түрде көзге гиперсілтеме қою арқылы рұқсат етіледі. Толық материалды пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу қажет.
Связанные материалы
Все материалы →«Обманывают президента ИИ-игрушками»: Абенов раскритиковал казахстанских чиновников
Член Халық Кеңесі Мурат Абенов раскритиковал министерства и акиматы за то, что они не загружают национальные суперкомпьютеры. По его словам, чиновники при этом продолжают пользоваться российскими сервисами. Все потому, что они боятся за коррупционные схемы, которых выявит…
Швеция ограничила доступ к ChatGPT и Claude на рабочих компьютерах правительства
С 26 октября сотрудники аппарата правительства Швеции не могут пользоваться браузерными версиями ChatGPT и Claude на служебных компьютерах. Власти опасаются, что работа с не согласованными государством ИИ-сервисами может привести к утечке конфиденциальных данных, передает…
Настройка выделенного вывода модели на платформе Together AI
Together AI представляет выделенный вывод модели, объединяющий конфигурации, развертывания и конечные точки.