Huawei 2027 жылы жасанды интеллектке арналған екі жаңа чипін таныстырады. Қытайлық технологиялық алпауыт есептеу қуатын арттырып, Nvidia-мен бәсекесін күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Tech-news. Компанияның кезекті чиптері 2027 жылдың бірінші және үшінші тоқсанында нарыққа шығады. Бұл туралы Huawei-дің ауыспалы төрағасы Дэвид Ван Шанхайдағы іс-шарада мәлімдеді. Компанияның жоспарына сәйкес, Ascend 960DT чипі 2027 жылдың бірінші тоқсанында, ал Ascend 960PR үшінші тоқсанда таныстырылады. Huawei сонымен қатар көптеген AI чиптерін бір жүйеге біріктіретін технологияларды дамытуға басымдық беріп отыр. Себебі қазіргі жасанды интеллект модельдері мен есептеу жүйелеріне бір ғана чиптің қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Компания бұл бағытта UnifiedBus технологиясын қолданады. Ол бірнеше чиптің ақпарат алмасуын жылдамдатып, олардың біртұтас есептеу жүйесі ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Дэвид Ванның айтуынша, Huawei UnifiedBus негізінде ірі AI жүйелеріне арналған 11 чип әзірлеген. Компания мұндай шешімдерді «суперкластерлер» деп атайды. Ең ірі жүйелер бір миллионға дейін AI процессорын біріктіре алады. Huawei сонымен қатар 370-тен астам клиентке 1000-нан көп шағын есептеу жүйесін жеткізген. Олар «суперузелдер» деп аталады. Суперузел — көптеген AI чиптерін бір жүйеге біріктіріп, ортақ есептеу тапсырмаларын орындауға арналған құрылым. Алайда Huawei бір суперузелге қанша чип қосылатынын, клиенттерінің кім екенін және жеткізілімдердің нақты бөлінісін жарияламады. АҚШ пен Қытай жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуда бәсекелесіп отыр. Бұл жарысқа чиптер, деректер орталықтары және AI бағдарламалық жасақтамасы кіреді. АҚШ-тың экспорттық шектеулері Қытайдың кейбір озық есептеу чиптері мен жартылай өткізгіш өндірісі технологияларына қолжетімділігін шектеді. Соның аясында жергілікті технологиялық компаниялар отандық шешімдерді дамытуға көбірек көңіл бөлуде. Мұндай жағдайда бірнеше жергілікті чипті бір жүйеге біріктіру маңызды артықшылық бере алады. Бірақ бұл тәсілдің тиімділігі чиптердің бір-бірімен қаншалықты жылдам ақпарат алмасатынына байланысты. Huawei осы нарықта Nvidia-мен бәсекеге түсіп отыр. Америкалық компанияның аппараттық құралдары мен бағдарламалық жасақтамасы әлемдегі көптеген AI әзірлеушілері арасында кең қолданылады. Huawei үшін тек чиптің өнімділігі емес, оны пайдаланатын әзірлеушілер экожүйесі де маңызды. Дэвид Ван компанияның AI чиптері экожүйесінде ай сайын белсенді 5270 әзірлеуші бар екенін айтты. Сообщение Huawei 2027 жылы AI чиптерінің екі жаңа буынын шығарады появились сначала на Tech news.
Infrastructure2 分钟阅读
标题为哈萨克语Huawei 2027 жылы AI чиптерінің екі жаңа буынын шығарады
Huawei 2027 жылы жасанды интеллектке арналған екі жаңа чипін таныстырады. Қытайлық технологиялық алпауыт есептеу қуатын арттырып, Nvidia-мен бәсекесін күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Tech-news. Компанияның кезекті чиптері 2027 жылдың бірінші және үшінші тоқсанында нарыққа…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年9月17日 (9月17日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Huawei 2027 жылы жасанды интеллектке арналған екі жаңа чипін таныстырады
- Қытайлық технологиялық алпауыт есептеу қуатын арттырып, Nvidia-мен бәсекесін күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Tech-news
- Компанияның кезекті чиптері 2027 жылдың бірінші және үшінші тоқсанында нарыққа…

全文为哈萨克语
标签:#Nvidia
相关文章
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
PyTorch 为新型加速器打开了 AI 生态系统
IBM 和 PyTorch 基金会宣布将 Spyre 集成到 PyTorch 生态系统中。
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
RUMeta привлечет $95 млрд для финансирования развития ИИ
Компания Meta (владеет Facebook, Instagram и WhatsApp) планирует разместить акции на сумму $95 млрд для финансирования развития искусственного интеллекта, сообщила британская газета FT. Привлеченные деньги пойдут на покрытие огромных расходов на инфраструктуру искусственного…
Kursiv Media Tech
华尔街最快的交易员正在建设数据中心并支持芯片初创公司以在人工智能领域保持领先地位
Jane Street 和 Hudson River Trading 等高频交易商现在正在争夺人工智能计算能力。 《华尔街最快的交易员正在建设数据中心并支持芯片初创公司以在人工智能领域保持领先地位》一文首先出现在 The Decoder 上。
The Decoder
