Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамыту және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. Мемлекет басшысы цифрландыруды ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде атап, осы саладағы қазақстандық тәжірибені бауырлас мемлекеттермен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tech-news. Президенттің айтуынша, Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту үшін бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Биыл елде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланып, Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы құрылды. Сонымен қатар, AI саласына мамандар даярлайтын Qazaq AI Research университеті ашылды. Цифрлық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары да жалғасуда. Елде жалпы қуаты 1 ГВт болатын Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы салынып жатыр. Қазірдің өзінде екі суперкомпьютер іске қосылған. Жақын уақытта үшінші жоғары өнімді суперкомпьютерді іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Қазақстанда Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» арнайы заң қабылданды. Мемлекет басшысы бұл тәжірибені басқа түркі мемлекеттерімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуы да өңірлік цифрлық байланысты дамытудағы маңызды қадам болды. Бұл инфрақұрылым түркі мемлекеттеріне де қолжетімді бола алады. Президент цифрлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Киберқауіпсіздік кеңесін және Цифрлық мониторинг пен инновациялар орталықтарын құру бастамаларын жеделдету қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, аталған жобалар түркі мемлекеттерінің технологиялық байланысын күшейтіп, цифрлық саладағы бірлескен мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Сообщение Қазақстан түркі елдерімен цифрлық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді появились сначала на Tech news.
General2 分钟阅读
哈萨克斯坦拟扩大与突厥国家数字合作
哈方将继续致力于发展数字基础设施、加强人工智能领域国际合作。国家元首提到数字化是国家发展的优先方向之一,并分享了哈萨克斯坦在该领域的经验...
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年10月30日 (1小时前)
提供 4 种语言版本AI 摘要:要点
- 哈方将继续致力于发展数字基础设施、加强人工智能领域国际合作。国家元首提到数字化是国家发展的优先方向之一,并分享了哈萨克斯坦在该领域的经验...

全文为哈萨克语
相关文章
RUИИ-агенты получили доступ к картам и маршрутам 2GIS
Компании смогут подключить карты и маршруты к своим ИИ-помощникам в одном интерфейсе. 2GIS выпустил MCP-сервер — программный компонент, который даёт корпоративным ИИ-агентам прямой доступ к данным геосервиса. Он позволяет встроить поиск организаций и адресов, построение…
Bluescreen.kz
谷歌将添加更多广告:现在广告将直接出现在人工智能响应中
🔎🫡谷歌将添加更多广告:广告现在将直接出现在人工智能响应中谷歌宣布扩大人工智能搜索中的广告。现在,广告优惠不仅会出现在常规搜索结果中,而且会出现在更多用户面前......
Telegram — BlueScreen.kz
即使你有很好的经验,为什么不邀请你参加面试?
👨💻 为什么你有很好的经验却没有被邀请面试?原因可能就在简历里。雇主不仅关心你在哪里工作、履行什么职责,还关心你取得的成果。例如,而不是“从事社交推广......
Telegram — BlueScreen.kz
2026 年 Android 开发者峰会主题演讲
📌Keynote Android Dev Summit 2026 整个会议的端到端线路都是代理商:他们接触到了开发环境的工具、Google实验室的设备以及第三方应用的功能。 🟡Android Studio 中的代理 Android Studio Rabbit 2 已在稳定通道中以 Bring 模式发布...
Telegram — AI Machine Learning Big Data
