Қазақстанда 2027 жылды Халықтық құрылыс жылы деп жариялау, инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу және үшінші суперкомпьютерлік кластерді іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауын жүзеге асыруға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына енгізілген, деп хабарлайды Tech-news. Құжатты Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Жоспар 12 бағытты қамтитын 96 іс-шарадан тұрады. Оның 80-ін Үкімет жүзеге асырады. Инфрақұрылым мен көлік саласына басымдық беріледі Жоспар аясында «Халықтық құрылыс» даму жоспары бекітіліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту, тұрғын үй салу, елді мекендерді ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Қалалардың ұзақ мерзімді дамуын ескеретін қала құрылысы құжаттары әзірленіп, олардың цифрлық нұсқалары жасалады. Көлік саласында да бірқатар ірі жоба жоспарланған. 2027 жылғы мамырда Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлідегі жаңа әуежайларды пайдалануға беру көзделген. Ал маусым айында халықаралық ірі компанияны тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады. Бұдан бөлек, 2027 жылдың соңына дейін «Бахты – Аягөз» теміржол желісін іске қосу жоспарланып отыр. «Арал – Каспий» және «Көкшетау – Петропавловск» автожолдарын салу мен қайта жаңғырту жұмыстары да жалғасады. Елдегі барлық автокөлік өткізу бекеттері жаңартылып, жүк тасымалын электрондық құжаттарға көшіру үшін зияткерлік көлік жүйесі енгізіледі. Энергетика мен өндіріс жаңғыртылады Энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін жаңа электр станциялары салынып, жұмыс істеп тұрған нысандар жаңартылады. Сонымен қатар, таза көмір технологиялары мен электр беру желілерін дамыту көзделген. Қазақстанның 2035 жылға дейінгі бірыңғай энергетикалық теңгерімі қайта қаралады. 2027 жылдың соңына дейін атом электр станцияларының (АЭС) жеке қажеттіліктеріне арналған уранның мемлекеттік стратегиялық қорын қалыптастыру және «Мойынқұм» АЭС жобасы бойынша үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланған. Өнеркәсіп саласында ерекше маңызды металдар қорын басқарудың ұлттық жүйесі жасалады. Геологиялық барлау жұмыстарына заманауи технологиялар енгізіліп, цифрлық геологиялық карталар әзірленеді. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалануға қатысты деректерді біріктіретін бірыңғай ақпараттық платформа толықтырылады. Ауыл шаруашылығы мен су ресурстары цифрландырылады Агроөнеркәсіп кешенінде мал шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтауға ұзақ мерзімді қаржы бөлу қарастырылған. Отандық тракторлар мен комбайндар өндірісіне де қолдау көрсетіледі. 2027 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірушілеріне агрологиялық орталықтардың инфрақұрылымын тең дәрежеде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Ал Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру 2027 жылдың наурызында аяқталуы тиіс. Инвестиция мен бизнесті қолдаудың жаңа тетіктері енгізіледі 2027 жылы ұлттық инвестициялық саясат қайта қаралады. Негізгі мақсат – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қайталанатын функцияларын жойып, инвестициялық жобаларды басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастыру. Отандық өндірісті дамыту үшін «Халықтық құрылыс» жобаларына қажетті құрылыс материалдарын, металл конструкциялары мен инженерлік жабдықтарды шығару кеңейтіледі. Шағын және орта бизнеске қатысты да өзгерістер бар. 2026 жылдың соңына дейін Орта кәсіпкерлікті дамыту жоспары бекітіледі. Ол кәсіпорындарға ұзақ мерзімді жеңілдетілген қаржы беруді және технологиялық жаңғыртуды қолдауды көздейді. Сонымен қатар, микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл ретте бақылау жүйесін қайта қарап, мемлекеттік реттеудің цифрлық моделіне көшу жоспарланған. Қазақстанда үшінші суперкомпьютер іске қосылады Цифрлық экономика бағыты бойынша үшінші суперкомпьютерлік кластер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, жасанды интеллект технологияларын коммерцияландыруға және блокчейн шешімдерін дамытуға басымдық жасалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін маркетплейстер мен сауда желілері арқылы сатуға жағдай жасалмақ. Қаржы секторында KASE, Астана халықаралық қаржы орталығы және Alatau City арасындағы серіктестік кеңейтіледі. 2027 жылы қаржы нарығын дамытудың бірыңғай стратегиясын бекіту жоспарланып отыр. Мемлекеттік қазынашылық жүйесін толық цифрландыру да осы реформалардың бір бөлігі болады. Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі Әлеуметтік саясат аясында ең төменгі айлық жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру көзделген. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жалақысы еңбек өтілі мен жұмыс жүктемесіне қарай қосымша төлемдер арқылы өсіріледі. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа цифрлық тәсілдері сынақтан өткізіледі. Білім беру саласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау мәселесі пысықталады. Мұғалімдердің қағазбастылығын азайту үшін есептілік талаптары қайта қаралып, цифрлық платформалардағы артық есептер қысқартылады. Мемлекеттік басқару жүйесіне де өзгерістер енгізіледі Жоспардың соңғы бағыттарының бірі мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға арналған. Мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа этикалық стандарттар мен қағидаттар енгізіліп, реформаларды іске асыруға арналған кешенді жоспар қабылданады. Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы әзірленеді. Оған Президент Әкімшілігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты қатысады. Сообщение Қазақстанда 2027 жыл Халықтық құрылыс жылы деп жарияланады появились сначала на Tech news.
Infrastructure4 分钟阅读
哈萨克斯坦将2027年定为人民建设年
哈萨克斯坦计划宣布2027年为人民建设年,从国家基金中拨款约6.5万亿坚戈用于基础设施项目,并启动第三个超级计算机集群。这些举措旨在落实 2026 年 10 月 28 日国家元首的讲话……
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年11月3日 (2小时前)
提供 4 种语言版本AI 摘要:要点
- 哈萨克斯坦计划宣布2027年为人民建设年,从国家基金中拨款约6.5万亿坚戈用于基础设施项目,并启动第三个超级计算机集群。这些举措旨在落实 2026 年 10 月 28 日国家元首的讲话……

全文为哈萨克语
相关文章
NVIDIA负责人来访后,哈萨克斯坦加大对AI和IT人才的关注
哈萨克斯坦希望通过与国际科技公司的合作,不仅购买现代化设备,还培训专家、开发自己的产品以及让当地IT团队进入全球市场。一个例子...
Kursiv Media Tech
Bagdat Musin 建议 IT 专家监控哈萨克斯坦的建筑工地
哈萨克斯坦电信董事会主席巴格达·穆辛呼吁哈萨克斯坦IT专家创建数字服务来控制人民建设的预算。他认为,人工智能技术和数据中心应该给普通民众带来真正的好处,而不是停留在......
Kursiv.media — AI (direct RSS)
“山姆·奥特曼来抢你的 RAM”:OpenAI 负责人成为模因英雄
😁 “山姆·奥特曼来抢你的 RAM”:OpenAI 的负责人成为了模因英雄 OpenAI 的负责人表示,将全球有限的随机存取存储器 (DRAM) 保留在个人电脑中是无效的,因为它的使用时间只有 5%。在他看来,资源应该...
Telegram — BlueScreen.kz
哈萨克斯坦将优先发展数字经济
托卡耶夫总统在阿斯塔纳的讲话中讨论了数字化发展方向。会议上,人工智能引入经济、国内IT企业的支持、数字平台的发展、数据中心的能源供应……
Tech-news.kz


