Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады. Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін, ал облыстық жолдарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Tech-news. Жобаның іске асырылу барысы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға «Транстелеком» АҚ мен мобильді байланыс операторларының өкілдері қатысты. Тараптар жобаның қазіргі жай-күйін, сондай-ақ салынып жатқан телекоммуникациялық инфрақұрылымды инвестор мен байланыс операторларының бірлесіп пайдалану мәселелерін қарастырды. Негізгі міндеттердің бірі – автожолдар бойында мобильді байланыстың тұрақты қамту аймағын қалыптастыру. Осы мақсатта жобаға қатысушылардың жұмысын өзара үйлестіруге де назар аударылды. Жалпы 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салу көзделген. Жаңа инфрақұрылым арқылы елдегі 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Жобаны «Транстелеком» АҚ қаржыландырады. Бұл мақсатқа бюджет қаражаты тартылмайды. Кеңес қорытындысында инвестор мен ұялы байланыс операторлары жобаны әрі қарай іске асыру және өзара жұмыс істеу тәртібін белгіледі. Сообщение Қазақстанда 40 мың шақырым автожол мобильді байланыспен қамтылады появились сначала на Tech news.
标题为哈萨克语Қазақстанда 40 мың шақырым автожол мобильді байланыспен қамтылады
Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады. Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен…
AI 摘要:要点
- Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр
- Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады
- Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен…

相关文章
随着自主重型设备需求激增,Bedrock Robotics 总融资接近 10 亿美元
Bedrock Robotics 可实现大型挖掘机的自动化,以提高建筑工地的经济效益。 |图片来源:Bedrock Robotics 总部位于旧金山的 Bedrock Robotics 已筹集 6 亿美元的 C 轮融资,由 CapitalG 和 Emergence Capital 共同领投,估值为 41 亿美元。圆形…
NVIDIA Minerva 优化 AI 工厂中的 GPU 性能
NVIDIA Minerva 优化了 AI 工厂中的 GPU 性能,消除了运营差距。
ENSpaceX locks in $40B GPU financing deal with Apollo
SpaceX has locked in a binding commitment for roughly $40 billion in financing to pay for AI chips and related data center equipment, the company disclosed in a regulatory filing Monday. In a statement, SpaceX called it the “largest committed GPU financing” ever.
