Қазақстанда әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды әскери қызмет түрлері мен әскер тектері бойынша бөлу кезінде жасанды интеллект ұсынымдарын қолдана бастады. Жүйе шақырылушының антропометриялық деректері мен білім деңгейін талдап, оған сәйкес келетін әскери бағытты ұсынады. Соңғы шешімді комиссия қабылдайды, деп хабарлайды Tech-news. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, цифрландыру және жасанды интеллект жылында заманауи технологиялар жергілікті әскери басқару органдарының жұмысына кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Жыл басынан бері барлық деңгейдегі әскерге шақыру комиссиялары отырыстарының хаттамалары электронды форматқа көшірілді. Енді құжаттарға қашықтан қол жеткізуге болады. Бұл комиссиялардың жұмысын жедел бақылауға және қабылданған шешімдердің заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді. Аудандық және облыстық комиссиялардың цифрлық хаттамаларын қалыптастыру кезінде AI жүйесі қолданылады. Ол шақырылушының бойы, дене өлшемдері сияқты антропометриялық көрсеткіштерін және білім деңгейін сараптап, әскери қызметке лайықты бағытты ұсынады. Құрал барлық деңгейдегі әскерге шақыру комиссияларына қолжетімді. Министрлік оның көмегімен азаматтарды әскери бөлімдерге бөлудің объективтілігі мен тиімділігін арттыруды көздейді. Алайда жасанды интеллект тек ұсыным береді. Азаматты әскерге шақыру және оны нақты әскери бағытқа бөлу туралы түпкілікті шешім заңда белгіленген тәртіппен комиссияның құзыретінде қалады. Денсаулық жағдайына байланысты мерзімді әскери қызметке шақырудан босату рәсімі де электронды форматқа көшірілді. Автоматтандыру қажетті процедураларды өткізу уақытын қысқартуға және шешім қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар мерзімді әскери қызметшілерді қызмет кезеңінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босату автоматтандырылды. Бұған дейін тиісті мәліметтер «е-Сақтандыру» цифрлық жүйесіне қолмен енгізілетін. Жаңа цифрлық құралдар әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, еңбек шығындарын азайтуға және әскерге шақыру процесін барлық кезеңде бақылауға мүмкіндік береді. Автоматтандыру шақырылушылардың жинақтау пункттеріне жеке бару қажеттілігін жоймайды. Мерзімді әскери қызметке шақыру туралы шешім тек медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қабылданады. Ал медициналық тексеруді қашықтан өткізу мүмкін емес. Сообщение Қазақстанда әскерге шақырылушыларды бөлуге ЖИ көмектеседі появились сначала на Tech news.
Education2 分钟阅读
标题为哈萨克语Қазақстанда әскерге шақырылушыларды бөлуге ЖИ көмектеседі
Қазақстанда әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды әскери қызмет түрлері мен әскер тектері бойынша бөлу кезінде жасанды интеллект ұсынымдарын қолдана бастады. Жүйе шақырылушының антропометриялық деректері мен білім деңгейін талдап, оған сәйкес келетін әскери бағытты ұсынады.…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年9月16日 (9月16日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Қазақстанда әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды әскери қызмет түрлері мен әскер тектері бойынша бөлу кезінде жасанды интеллект ұсынымдарын қолдана бастады
- Жүйе шақырылушының антропометриялық деректері мен білім деңгейін талдап, оған сәйкес келетін әскери бағытты ұсынады.…

全文为哈萨克语
相关文章
NVIDIA Mission Control 2.5 改进了 Kubernetes 中的离线恢复
NVIDIA Mission Control 2.5 为 Kubernetes 提供离线恢复。
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
RUДайджест ИИ-новостей за 26 октября 2026
Сегодня мир ИИ продолжает удивлять новыми достижениями и инновациями, расширяя границы привычных областей применения. Испаноязычный радиоведущий на основе ИИ стремится поддержать иммигрантов, а Meta и
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
阿波罗经济学家表示,人工智能为大多数公司带来了“零财务回报”
“尽管围绕人工智能进行了大量投资和广泛宣传,但该技术为科技之外的美国企业带来的财务回报为零。”
TechCrunch — AI
