Қазақстан Үкіметі цифрлық технологияларды экономиканың негізгі салаларына енгізуді жеделдетеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне 10 күн ішінде экономиканы цифрландыруды кеңейту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Ал көлік дәліздерін цифрландыру жоспары жыл соңына дейін бекітілуі керек, деп хабарлайды Tech-news. Бұл міндеттерді Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын іске асыру мәселелері қаралған Үкімет отырысында атады. Оның айтуынша, цифрландырудың нәтижесі жаңа ақпараттық жүйелердің санымен емес, олардың экономикаға әкелетін нақты пайдасымен өлшенуі тиіс. Үкімет жақында қабылданған Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыруға кірісті. Енді мемлекеттік органдар технологияларды енгізумен шектелмей, олардың тиімділігін қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар цифрлық жұмыспен қамтудың құқықтық тетіктерін әзірлеу көзделген. Агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллектіні қолдану басым бағыттардың біріне айналмақ. Технологиялар егін өнімділігін болжауға, егіс алқаптарының жағдайын бақылауға, шығындарды азайтуға және су мен басқа ресурстарды тиімді пайдалануға көмектеседі. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, осы саладағы басым жобаларды анықтап, кейін оларды кеңінен енгізу тапсырылды. Көлік-логистика саласында қағаз құжаттардың көптігі мен ақпараттық жүйелердің өзара үйлеспеуі жұмысты баяулатып отыр. Бұл мәселелер Қазақстанның транзиттік әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіреді. Осыған байланысты Көлік министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірге 2026 жылдың соңына дейін көлік дәліздерін жедел цифрландыру жоспарын бекітуі тиіс. Үкімет мемлекеттік қаржыны басқаруда да жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды көздеп отыр. Цифрлық құралдар күмәнді операцияларды анықтауға, қаржылық тәуекелдерді бағалауға және заңбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беруі керек. Бұл тәсіл кәсіпкерлерге негізсіз әкімшілік қысым түсірмей, бақылауды тиімді жүргізуге бағытталған. ЖИ арқылы қашықтан талдау жасап, салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыру жоспарланып отыр. Қаржы министрлігіне Ұлттық экономика және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, бір ай ішінде тәуекелге негізделген интеллектуалды бақылау жүйесін енгізу тетігін ұсыну тапсырылды. Сообщение Қазақстанда цифрлық экономиканы дамытуға арналған жаңа жоспарлар әзірленеді появились сначала на Tech news.
哈萨克斯坦制定新计划发展数字经济
哈萨克斯坦政府正在加快将数字技术引入经济主要领域。人工智能和数字发展部被要求在10天内制定扩大经济数字化的建议。此外,数字化交通走廊的计划将于年…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年10月29日 (1小时前)
提供 4 种语言版本AI 摘要:要点
- 哈萨克斯坦政府正在加快将数字技术引入经济主要领域。人工智能和数字发展部被要求在10天内制定扩大经济数字化的建议。此外,数字化交通走廊的计划将于年…

全文为哈萨克语
相关文章
哈萨克斯坦将于2027年前为农业工业综合体创建数字平台和行业数据湖
哈萨克斯坦计划推出“E-APK”数字平台,并于2027年完成行业数据湖的建设。这些项目将成为该国农业工业综合体数字化转型的一部分,据Tech-news报道。关于农业工业综合体数字基础设施发展的讨论在会议上进行……
Tech-news.kz
人工智能的第一个订单:卖什么以及如何回应,以便他们选择你
AI 的第一笔订单:卖什么以及如何回复,以便他们选择您 ⠀ 一年来,AI 服务的订单增加了 7.5 倍,每项回复从 5 个增加到 8 个。 ⠀ 来自 chad 和 Workzilla 的研究数据,2026 年 5 月。 ⠀ 事实证明,了解神经网络不再是一种职业,而是一张入场券……
Telegram — Paragon | Нейросети и ИИ
哈萨克斯坦将在预算流程中引入人工智能并将国库转向数字化轨道
总理奥尔扎斯·别克捷诺夫指示扩大人工智能在预算管理中的应用。新的数字工具将自动化财务数据核查、识别资金挪用风险,并确保对预算操作的监控……
Tech-news.kz
AI将审核预算支出:哈萨克斯坦数字化国库
AI将审核预算支出:哈萨克斯坦数字化国库 哈萨克斯坦计划扩大人工智能在规划和支出国家资金中的应用。总理奥尔扎斯·别克捷诺夫下达了相关指示。什么……
Telegram — BlueScreen.kz

