Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді. ҚР премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыспен қамту және телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске «Транстелеком» АҚ компаниясы, сондай-ақ мобильді байланыс операторлары қатысты. Кездесу барысында жобаның іске асырылуының ағымдағы мәртебесі, сондай-ақ инвестор мен байланыс операторлары арасында телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Автомобиль жолдарын мобильді байланыспен орнықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіруге және құрылатын инфрақұрылымды тиімді пайдалануға бөлек назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың және «Транстелеком» АҚ мен ұялы байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылдың одан арғы қадамдары айқындалды. Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді. Іске асыру кезең-кезеңімен қарастырылған: республикалық жолдарды қамтуды 2026 жылдың соңына дейін, облыстық жолдарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қаржыландыру бюджет қаражатын тартпай, инвестор «Транстелеком» АҚ есебінен жүзеге асырылады.
标题为哈萨克语Қазақстандағы 40 мың шақырымнан астам автомобиль жолын мобильді байланыспен қамту жоспарлануда
Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді.
Profit.kz — ИТ в Казахстане作者: PROFIT2026年9月14日 (9月14日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді.

全文为哈萨克语
相关文章
随着自主重型设备需求激增,Bedrock Robotics 总融资接近 10 亿美元
Bedrock Robotics 可实现大型挖掘机的自动化,以提高建筑工地的经济效益。 |图片来源:Bedrock Robotics 总部位于旧金山的 Bedrock Robotics 已筹集 6 亿美元的 C 轮融资,由 CapitalG 和 Emergence Capital 共同领投,估值为 41 亿美元。圆形…
The Robot Report
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
NVIDIA Minerva 优化 AI 工厂中的 GPU 性能
NVIDIA Minerva 优化了 AI 工厂中的 GPU 性能,消除了运营差距。
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
ENSpaceX locks in $40B GPU financing deal with Apollo
SpaceX has locked in a binding commitment for roughly $40 billion in financing to pay for AI chips and related data center equipment, the company disclosed in a regulatory filing Monday. In a statement, SpaceX called it the “largest committed GPU financing” ever.
TechCrunch — AI
