Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі қытайлық ғылыми серіктестердің «Alatau City» ғылыми-технологиялық экожүйесін қалыптастыруға қатысуы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев пен Қытай ғылым академиясының президенті Хоу Цзяньгоның жақында өткен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында, ҚР Ұлттық ғылым академиясында Қытай ғылым академиясының Аэроғарыштық ақпараттық зерттеулер институтының (AIRCAS — Aerospace Information Research Institute of the Chinese Academy of Sciences) басшылығымен жұмыс кездесуі өтті. Негізгі назар қос Академия деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардан нақты бірлескен ғылыми-технологиялық жобаларды іске асыруға көшу мәселесіне аударылды. Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі қытайлық ғылыми серіктестердің «Alatau City» ғылыми-технологиялық экожүйесін қалыптастыруға қатысуы болды. ҚР ҰҒА мен Қытай ғылым академиясының бірлескен ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын құру, «Alatau City» перспективалық жобаларына CAS институттарының сараптамасын тарту, сондай-ақ озық технологияларды апробациялау және бейімдеу үшін алаң қалыптастыру перспективалары қаралды. AIRCAS құзыреттерін ескере отырып, аэроғарыштық ақпараттық технологиялар, Жерді қашықтан зондтау, спутниктік деректер, кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект, геоақпараттық технологиялар және аумақтарға зияткерлік мониторинг жүргізу сияқты бағыттарға ерекше назар аудару жоспарлануда. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту бөлек бағыт ретінде қаралды. AIRCAS ҚР Ұлттық ғылым академиясына Аэроғарыштық ақпарат және технологиялар халықаралық альянсына (International Alliance for Aerospace Information and Technology — AAIT) қосылуды ұсынды. Альянсқа қатысу ғылыми және спутниктік деректермен халықаралық алмасуды кеңейтуге, бірлескен зерттеулер мен жобаларды дамытуға, мамандар алмасуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ғылыми және инженерлік кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттар ҚР ҰҒА-ның AI for Science (Ғылымға арналған жасанды интеллект) саласындағы бастамаларын дамыту, кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құру және су ресурстарын, ауыл шаруашылығын, төтенше жағдайларды, экология мен тұрақты дамуды мониторингтеуге арналған қолданбалы жобаларды іске асыру контекстінде де қарастырылуда. Бұл кездесу ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Қытай ғылым академиясы арасында ұзақ мерзімді ғылыми-технологиялық серіктестікті қалыптастыру және бірлескен бастамаларды іс жүзінде іске асыруға көшу бойынша жүйелі жұмыстың жалғасы болды.
Research2 分钟阅读
标题为哈萨克语ҚР ҰҒА мен AIRCAS аэроғарыштық технологиялар және ғылымдағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі қытайлық ғылыми серіктестердің «Alatau City» ғылыми-технологиялық экожүйесін қалыптастыруға қатысуы болды.
Profit.kz — ИТ в Казахстане作者: PROFIT2026年9月14日 (9月14日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі қытайлық ғылыми серіктестердің «Alatau City» ғылыми-технологиялық экожүйесін қалыптастыруға қатысуы болды.

全文为哈萨克语
相关文章
Anthropic 为华尔街打开账目,显示创纪录的收入和不断增加的债务
Anthropic 是第一个向 SEC 提交 S-1 的大型人工智能实验室,计划在纳斯达克上市,股票代码为“ANT”。这些数字很强劲,季度收入达 116 亿美元,营业利润首次实现,现有客户的支出同比增长九倍……
The Decoder
Research1 分钟
RUСоздание агентной системы извлечения на базе Amazon Bedrock с CDK
AWS Machine Learning описывает создание агентной системы извлечения на базе Amazon Bedrock с использованием AWS CDK.
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
Research1 分钟
RUКэширование запросов для ИИ-агентов на Amazon Bedrock
Кэширование запросов позволяет ИИ-агентам на Amazon Bedrock быть более эффективными.
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
GPT-6.1 Terra:OpenAI 将中端代理模型的价格减半
🖥️ GPT-6.1 Terra:OpenAI 将中档代理模型的价格减半 OpenAI 发布了 GPT-6.1 Terra,用于基于代理的场景、计算机工作和日常编码。 API 价格是 GPT-5.6 Terra 的一半:每百万输入代币 1 美元,而不是每百万输入代币 2 美元和 6 美元……
Telegram — AI Machine Learning Big Data