Қазақстан қаржы секторын цифрландыру үшін 1200 шара әзірледі
Қазақстанда қаржы секторын одан әрі цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу бойынша 1200 нақты шара белгіленді. Нарықтағы 94 қаржы ұйымының әрқайсысына жеке даму жоспары жасалған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторын ауқымды цифрландыру және жасанды…
- 01.Қазақстанда қаржы секторын одан әрі цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу бойынша 1200 нақты шара белгіленді
- 02.Нарықтағы 94 қаржы ұйымының әрқайсысына жеке даму жоспары жасалған
- 03.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторын ауқымды цифрландыру және жасанды…

Қазақстанда қаржы секторын одан әрі цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу бойынша 1200 нақты шара белгіленді. Нарықтағы 94 қаржы ұйымының әрқайсысына жеке даму жоспары жасалған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторын ауқымды цифрландыру және жасанды интеллектіні одан әрі енгізу стратегиясын әзірлеп жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia FinTech Summit барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tech-news. Оның айтуынша, цифрлық трансформация аясында 1200 нақты шара белгіленіп, 94 қаржы ұйымының әрқайсысына жеке даму жоспары дайындалған. «Біз 1200 нақты шараны белгіледік. 94 ұйымның әрқайсысы бойынша жеке даму жоспары әзірленді. Енді осы жоспарлар бойынша жұмыс істейміз», – деді Мәдина Әбілқасымова. Жоспар 23 банкті, 25 сақтандыру ұйымын, бағалы қағаздар нарығының 31 қатысушысын және 15 микроқаржы ұйымын қамтиды. Негізгі бағыттардың қатарында ішкі процестерді цифрландыру, IT-инфрақұрылымды дамыту, деректер сапасын арттыру, киберқауіпсіздікті күшейту, жасанды интеллектіні енгізу және қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін дамыту бар. Белгіленген шаралардың орындалуын бақылау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жанынан цифрлық трансформация кеңсесін құру жоспарланып отыр. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, әр ұйымға жеке жоспар әзірлеу қажеттілігі қаржы нарығына қатысушылардың цифрлық даму деңгейінің әркелкі болуына байланысты. Сообщение Қазақстан қаржы секторын цифрландыру үшін 1200 шара әзірледі появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →过去一周的结果才是最重要的
过去一周的结果才是最重要的 2027 年人工智能公司业务趋势。代理商务的未来。人工智能代理的支付:现在的斗争是什么?分析到这里。人工智能代理的新金融基础设施。人工智能代理的隐性税收——谁将从中赚钱?分析到这里...
国旗在阿科达升起以纪念共和国日
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫参加了共和国日升旗仪式。据国家元首新闻处报道,这次活动发生在阿斯塔纳阿科达前的广场上。首先,仪仗队连长向托卡耶夫作了汇报。然后他们升起了州旗...