Казахстан

Article in its original language: Қазақша.

Бас прокуратура қылмыстылықты талдауға арналған 7 жаңа IT-құралды таныстырды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің, сондай-ақ Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің депутатта...

7 November 2026 · Source: El Orda Info

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің, сондай-ақ Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің депутаттары Бас прокуратураға барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас Прокурор Берік Асылов депутаттармен кездесу өткізіп, прокуратураның цифрлық трансформациясының негізгі бағыттарымен таныстырды. Депутаттар Бас прокуратураның Азаматтарды қабылдау орталығы мен Жағдайлық орталығын аралап, «Цифрлық қадағалау» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты. «Одан кейін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің Үнзила Шапақ төрағалық еткен, Бас Прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен Құқық қорғау органдары академиясы басшылығының қатысуымен өткен көшпелі отырысында депутаттарға прокурорлық қызметте қолданылатын цифрлық шешімдер таныстырылды», - деп хабарлады Бас прокуратура. Атап айтқанда, 7 жаңа зияткерлік IT-құрал ұсынылды: сыртқы криминалдық қатерлерді мониторингтеу жүйесі, қоғамдық қауіпсіздікке төнетін ішкі қатерлерді мониторингтеу жүйесі, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің деректері негізінде тәуекелдерді анықтаудың аналитикалық моделі, қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерінің тізілімі, қылмыстық қатерлерді болжау жүйесі, телефон және интернет-алаяқтықты мониторингтеудің бірыңғай аналитикалық платформасы, сондай-ақ қылмыстылықты талдауға арналған ЖИ-агент. Отырыста Бас прокуратураның болжамды-талдамалық қызметін дамытуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қылмыстық қатерлер мен тәуекелдерді алдын ала анықтау және олардың алдын алу шараларын әзірлеу үшін үлкен деректерді, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мәліметтерін және сыртқы дереккөздерді пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Кездесу мен отырыстың қорытындысы бойынша прокуратураның цифрлық инфрақұрылымын одан әрі дамыту, прокурорлық қызметтің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында аналитикалық құралдар мен жасанды интеллектіні қолдануды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл жұмыстар «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асуда. Еске салсақ, елордалық студенттерге құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Read at the source →

More in this topic

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz