Казахстан

Article in its original language: Қазақша.

Google YouTube-ты әлеуметтік желіге айналдыруды жоспарлап отыр

Google YouTube платформасына әлеуметтік желілерге тән функцияларды қосуды қарастырып жатыр. Android қосымшасының кодынан Tamba деп аталатын жаңа жоба табылды. Ол жеке хабарламалар, топтық чаттар, жазылушылар және фото мен видео алмасу мүмкіндіктерін қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Tech-news. Жаңа жобаны Android Authority басылымы YouTube-тың Android жүйесіне арналған 21.44.534 нұсқасын зерттеу кезінде анықтаған. Қосымша кодынан com.google.android.youtube.sandbox атауымен белгіленген жеке пакет, Ta

5 November 2026 · Source: Tech-news.kz

Google YouTube платформасына әлеуметтік желілерге тән функцияларды қосуды қарастырып жатыр. Android қосымшасының кодынан Tamba деп аталатын жаңа жоба табылды. Ол жеке хабарламалар, топтық чаттар, жазылушылар және фото мен видео алмасу мүмкіндіктерін қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Tech-news. Жаңа жобаны Android Authority басылымы YouTube-тың Android жүйесіне арналған 21.44.534 нұсқасын зерттеу кезінде анықтаған. Қосымша кодынан com.google.android.youtube.sandbox атауымен белгіленген жеке пакет, Tamba жобасының логотипі және оған қатысты 38 арнайы белгіше табылған. Олардың арасында іздеу, камера, чат, кіріс хабарламалар және контент жариялауға арналған функциялардың белгішелері бар. Бұл жобаның YouTube-тағы дәстүрлі видео көру мүмкіндіктерінен әлдеқайда кең болатынын аңғартады. Кодтағы деректерге сүйенсек, Tamba пайдаланушылары бір-біріне жазылып, жазылу туралы сұрау жібере алады. Сонымен қатар жеке аккаунтты жабық ету, жеке және топтық чаттар құру, фотосуреттер мен видеолармен бөлісу мүмкіндіктері қарастырылған. Тіпті дауыстық хабарламалар жіберу функциясы да пайда болуы ықтимал. Осылайша, Google YouTube-тың ауқымды аудиториясы мен видеоконтент қорын Instagram секілді әлеуметтік платформаларға тән коммуникация құралдарымен біріктіруді көздеуі мүмкін. Дегенмен Tamba-ның жеке қосымша ретінде шығатыны немесе YouTube ішіндегі эксперименттік жоба екені әзірге белгісіз. Мұны кодтағы sandbox атауы да аңғартады. Бұған қоса, табылған белгішелердің бір бөлігі эксперименттік функциялар ретінде белгіленген. Сондықтан жобаның нақты мүмкіндіктері мен іске қосылу мерзімі туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Read at the source →

More in this topic

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz