All Articles
2 min read
Infrastructure🇰🇿 КазахстанSeptember 14, 2026

Алатау мен Қонаев қалаларында ұялы байланыстың «ақ дақтары» тексерілді

«Ақ дақтар» — байланыс операторлары тарапынан интернетке қолжетімділік толықтай жоқ аумақтар.

PROFIT·Profit.kz — ИТ в Казахстане
Original Source
Key Takeaways
  • 01.«Ақ дақтар» — байланыс операторлары тарапынан интернетке қолжетімділік толықтай жоқ аумақтар.
Алатау мен Қонаев қалаларында ұялы байланыстың «ақ дақтары» тексерілді

«Ақ дақтар» — байланыс операторлары тарапынан интернетке қолжетімділік толықтай жоқ аумақтар. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті байланыс операторларымен бірлесіп, Алматы облысының Алатау және Қонаев қалаларында ұялы интернет жоқ аймақтарға көшпелі мониторинг жүргізді. Алатау қаласында 28 «ақ дақ» анықталды. Оларды жою жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қосымша 5 базалық станция орнату көзделген, бұл қамту аумағын, соның ішінде автомобиль жолдарының бойын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жабдықтарды орналастыру үшін антенна-мачталық құрылғы орнатылған. Базалық станциялар қойылғаннан кейін бұл бұрын байланыс болмаған учаскелерді интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қонаев қаласында 9 «ақ дақ» анықталды. «Кар-Тел» компаниясы таяудағы бір ай ішінде анықталған аймақтардың кемінде 7-уіндегі мәселені жоюды жоспарлап отыр. Халықты сапалы ұялы байланыспен қамтамасыз ету жұмыстары операторлардың лицензиялық міндеттемелері шеңберінде де жүргізілуде. Осы міндеттемелерге сәйкес, халқы 250 адамнан асатын барлық 3 807 ауылдық елді мекен ұялы байланыспен қамтылады. Атап айтсақ, Шенгелді ауылы 2025 жылы ұялы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Операторлар байланыс сапасын арттыруға және заманауи технологияларға өтуге бағытталған базалық станцияларды жаңғыртты. Ауылға жасалған сапар барысында 4G және 5G технологиялары бойынша интернет-қосылыстың жоғары сапасы тіркелді. Шенгелдідегі 5G желісі «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС операторының бастамасымен орнатылды. Бүгінгі таңда байланыс операторлары қалаларда 5G желісін өрістету бойынша ең төменгі лицензиялық міндеттемелерді орындап, ауылдық елді мекендерде бесінші буын желісін кеңейтуге кірісті. Сонымен қатар, байланыс жоқ аймақтарды анықтау және жою жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. «Ақ дақтарға» қатысты жағдай динамикалық сипатқа ие: аумақтарда құрылыс жүріп, жаңа тұрғын үй алқаптарының пайда болуына байланысты байланысы жоқ жаңа учаскелер пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты «ақ дақтарға» мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Research1 мин

Anthropic uses gas to fuel AI growth

Anthropic reports on its centers' dependence on natural gas and the associated risks.

SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
Research1 мин

Anthropic is burning gas to feed the AI boom

As it prepares to go public, Anthropic's S-1 filing makes generative AI's methane dependency glaringly obvious. "Competition for access to electrical supply and data center locations with adequate power availability is intense." In documents filed with the US Securities and…

The Verge — AI