All Articles
2 min read
General🇰🇿 КазахстанSeptember 22, 2026

ІІМ жол қауіпсіздігін ЖИ мен цифрлық жүйелер арқылы күшейтті

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылауға арналған цифрлық жүйелер кеңейіп жатыр. Ішкі істер министрлігі «ТОР», «Қорғау» және «Ақылды жаяу жүргінші» платформаларын қолданып, жолдағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауды күшейтті, деп хабарлайды Tech-news. ІІМ министрі…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылауға арналған цифрлық жүйелер кеңейіп жатыр
  • 02.Ішкі істер министрлігі «ТОР», «Қорғау» және «Ақылды жаяу жүргінші» платформаларын қолданып, жолдағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауды күшейтті, деп хабарлайды Tech-news
  • 03.ІІМ министрі…
ІІМ жол қауіпсіздігін ЖИ мен цифрлық жүйелер арқылы күшейтті

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылауға арналған цифрлық жүйелер кеңейіп жатыр. Ішкі істер министрлігі «ТОР», «Қорғау» және «Ақылды жаяу жүргінші» платформаларын қолданып, жолдағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауды күшейтті, деп хабарлайды Tech-news. ІІМ министрі Ержан Саденов Үкімет отырысында цифрлық шешімдердің жұмысы туралы баяндады. Ведомствоның «ТОР» платформасы жол қауіпсіздігіне қатысты цифрлық сервистерді бір жүйеге біріктірген. Платформа жасанды интеллект көмегімен көліктерді бақылап, сегіз сағаттан астам уақыт рөлде отырған жүргізушілерді анықтай алады. Сонымен қатар іздеудегі автокөліктерді табуға мүмкіндік береді. Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі үшін «Ақылды жаяу жүргінші» жүйесі қолданылып жатыр. Қазір еліміздің өңірлерінде жаяу жүргіншіге жол бермеген көліктерді тіркейтін 126 құрылғы орнатылған. ІІМ мәліметінше, бұл құрылғылар жұмыс істейтін учаскелерде жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен жағдай тіркелмеген. Ал «Қорғау» жүйесі жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген және іздеуде тұрған көліктерді жедел анықтауға арналған. Жүйе жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің әрекеттерін де тіркейді. Автоматты құқық бұзушылық тіркеу кешендерінің саны да артты. Қазақстан жолдарында олардың саны 28 мыңнан 32 мыңға дейін көбейген. Бұдан бөлек, түнде және ауа райы қолайсыз кезде жүргізушілерге жол бағытын көрсету үшін 22 учаскеге 56 лазерлік құрылғы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 20 учаскеге 48 осындай жүйе қою жоспарланып отыр. Сообщение ІІМ жол қауіпсіздігін ЖИ мен цифрлық жүйелер арқылы күшейтті появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
General1 мин

Cohere says Alibaba’s Qwen model tried to send a file to Beijing

An AI model said it wouldn’t use any tools, then tried to send something to a server in Beijing anyway, and while researchers say it’s probably a training quirk and not espionage, the whole thing has people asking how much to trust free Chinese AI.

TechCrunch — AI
General1 мин

Meta plans $95 billion share offering to fund AI expansion

Meta aims to raise $95 billion to finance its AI expansion despite Elon Musk’s warnings of financial trouble for smaller firms in the sector. The fundraising will occur in two stages, including a public offering…

Digital Donut AI Digest