Қазақстандағы 40 мың шақырымнан астам автомобиль жолын мобильді байланыспен қамту жоспарлануда
Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді.
- 01.Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді.

Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді. ҚР премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыспен қамту және телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске «Транстелеком» АҚ компаниясы, сондай-ақ мобильді байланыс операторлары қатысты. Кездесу барысында жобаның іске асырылуының ағымдағы мәртебесі, сондай-ақ инвестор мен байланыс операторлары арасында телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Автомобиль жолдарын мобильді байланыспен орнықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіруге және құрылатын инфрақұрылымды тиімді пайдалануға бөлек назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың және «Транстелеком» АҚ мен ұялы байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылдың одан арғы қадамдары айқындалды. Жоба 40 мың шақырымнан астам республикалық және облыстық автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз етуді және 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен базалық станциялар салуды көздейді. Іске асыру кезең-кезеңімен қарастырылған: республикалық жолдарды қамтуды 2026 жылдың соңына дейін, облыстық жолдарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қаржыландыру бюджет қаражатын тартпай, инвестор «Транстелеком» АҚ есебінен жүзеге асырылады.
Related Intelligence
All stories →Anthropic uses gas to fuel AI growth
Anthropic reports on its centers' dependence on natural gas and the associated risks.
Anthropic is burning gas to feed the AI boom
As it prepares to go public, Anthropic's S-1 filing makes generative AI's methane dependency glaringly obvious. "Competition for access to electrical supply and data center locations with adequate power availability is intense." In documents filed with the US Securities and…
Bedrock Robotics nears $1B in total funding as demand for autonomous heavy equipment surges
Bedrock Robotics automates large excavators to improve construction site economics. | Credit: Bedrock Robotics San Francisco-based Bedrock Robotics has raised $600 million in Series C funding, co-led by CapitalG and Emergence Capital, at a $4.1 billion valuation. The round…