🎮 AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында Astana Hub-тың Gamepreneurs акселерациялық бағдарламасына қатысушылардың жобаларына сараптамалық талдау өтті. 9 ойын командасы жобаларының жұмыс нұсқаларын ұсынып, негізгі көрсеткіштері мен релиз жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ ойын студияларының өкілдері мен салалық сарапшылардан кері байланыс алды. Форум алаңында Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 22 студияны біріктірген GameDev-аймақ жұмыс істеді. Келушілер ойындарды сынап, әзірлеушілермен танысып, жобалар туралы көбірек ақпарат алды. Енді командалар сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып, ойындарын жетілдіріп, қорытынды Gamepreneurs Demo Day-ге дайындалады. AI & Digital Bridge 2026 Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және адами капиталды дамыту бастамаларын біріктірген AI MONTH айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды. 🚀 〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️ 🎮 На международном технологическом форуме AI & Digital Bridge 2026 прошла экспертная прожарка участников акселерационной программы Gamepreneurs от Astana Hub. 9 игровых команд представили рабочие версии своих проектов, рассказали о ключевых показателях и планах релиза, а также получили обратную связь от представителей игровых студий и отраслевых экспертов. На площадке форума также работала GameDev-зона, объединившая 22 студии из Казахстана, России и Узбекистана. Посетители могли протестировать игры, познакомиться с разработчиками и узнать больше о проектах. Теперь команды продолжат дорабатывать свои игры с учётом рекомендаций экспертов и готовиться к итоговому Demo Day Gamepreneurs. AI & Digital Bridge 2026 прошел в рамках Года цифровизации и искусственного интеллекта в Казахстане и стал центральным международным событием AI MONTH — месяца мероприятий, объединяющего инициативы в сфере искусственного интеллекта, цифровых технологий, предпринимательства и развития человеческого капитала.🚀