Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Tech-news. Қонақтарға орталықтың музей экспозициясы, робототехника аймағы мен ЖИ көмегімен жұмыс істейтін кинотеатр көрсетілді. Сонымен қатар Alem.ai-дың ұзақмерзімді даму жоспары және жасөспірімдерге технологиялық білім беруге бағытталған TUMO Astana бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Орталықтағы Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасы да назарға ұсынылды. Мұнда бірнеше зерттеу жобасы қолға алынған. Олардың қатарында NeuroLearn бар. Жоба ЖИ, нейроғылым және оқушының жеке қажеттіліктеріне бейімделетін оқыту әдістерін зерттейді. Тағы бір бастама — ParkScreen. Ол Паркинсон ауруының белгілерін ерте кезеңде анықтауға арналған ЖИ скрининг әдістерін әзірлеуге бағытталған. Іс-шара аясында Гент университетінің атынан Қазақстанның дарынды оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды. Құралға физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары Франсуа Энглер мен Герард ’т Хоофттың, астроном Мишель Майордың және бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбалары қойылған. Сообщение Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды появились сначала на Tech news.
Материал бастапқы дереккөзден алынған:
Tech-news.kz
Толық мәтінді Tech-news.kz сайтында оқуМатериал ашық дереккөздерден жиналған. Оның орналастырылуы сіздің құқықтарыңызға тиіп жатса → Ақпаратты жою
Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты
- Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…

Ұқсас материалдар
Антропикалық пойыздар агент келіссөздері
✔️ Антропикалық поездар агент келіссөздері Агенттерге пайдаланушы атынан келіссөздер жүргізуге үйретіледі және компания заң фирмаларымен кеңесе отырып, кәсіби келіссөз жүргізушілердің тәжірибесін үлгілерге ауыстырады. Зерттеушілерді агенттер мен агенттер арасындағы өзара әрекеттесу хаттамалары қызықтырады.
GitHub енді қажет емес пе? Клод 5 айдың ішінде ауыстырды
GitHub енді қажет емес пе? Клод 5 айдың ішінде алмастырғышты құрастырды AI кодты әдеттегі құралдармен өңдей алатыннан жылдамырақ жазғанда не істеу керек? Anthropic Git-ті алмастыратын Scion-ды жасауға кірісті. Біз талдайтын бейнеде: 🟠Неліктен AI агенттері бізді қайта қарауға мәжбүр етті...
RUЧеловек, изменивший мир искусственного интеллекта, едет в Казахстан
23 октября Астана впервые примет Дженсена Хуанга, основателя и генерального директора NVIDIA. Его визит интересен не только масштабом компании. Хуанг предлагает новое понимание мировой экономики, в которой искусственный интеллект становится производительной силой, вычислительные…
Gecko Robotics АҚШ Әскери-теңіз күштерімен 300 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды
Gecko технологиялар жиынтығы толық қамтылған, жоғары дәлдіктегі деректер қабаттарын жинау және біріктіру арқылы деректердің тұтастығын қамтамасыз етеді. | Дереккөз: Gecko Robotics Gecko Robotics осы аптада АҚШ Әскери-теңіз күштерімен және жалпы қызметтерімен келісім-шарт бойынша қосымша 300 миллион доллар табыс тапқанын мәлімдеді ...
