Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Tech-news. Қонақтарға орталықтың музей экспозициясы, робототехника аймағы мен ЖИ көмегімен жұмыс істейтін кинотеатр көрсетілді. Сонымен қатар Alem.ai-дың ұзақмерзімді даму жоспары және жасөспірімдерге технологиялық білім беруге бағытталған TUMO Astana бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Орталықтағы Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасы да назарға ұсынылды. Мұнда бірнеше зерттеу жобасы қолға алынған. Олардың қатарында NeuroLearn бар. Жоба ЖИ, нейроғылым және оқушының жеке қажеттіліктеріне бейімделетін оқыту әдістерін зерттейді. Тағы бір бастама — ParkScreen. Ол Паркинсон ауруының белгілерін ерте кезеңде анықтауға арналған ЖИ скрининг әдістерін әзірлеуге бағытталған. Іс-шара аясында Гент университетінің атынан Қазақстанның дарынды оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды. Құралға физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары Франсуа Энглер мен Герард ’т Хоофттың, астроном Мишель Майордың және бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбалары қойылған. Сообщение Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды появились сначала на Tech news.
From the original source:
Tech-news.kz
Read full article at Tech-news.kzThis material was compiled from public sources. If its publication affects your rights → Request removal
Title in KazakhAlem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…
AI Summary & Key Takeaways
- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты
- Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…

Related stories
Sam Altman Reveals OpenAI's FINAL PLAN (It's Insane)
Sam Alman, the CEO of OpenAI, the company behind ChatGpt, just told his own employees that there are only three ways this whole AI race can end. And one of those endings is a single company getting so powerful that it can literally melt everyone else's GPUs. This is not a…
RUСтартап Electric Plant создает ИИ для общения с растениями
Стартап Electric Plant создает ИИ, который интерпретирует электрические сигналы растений.
RUОбеспечение идентичности ИИ-агентов с помощью X.509 PKI на AWS
AWS Machine Learning описывает важность X.509 PKI для ИИ-агентов.
RUКанадские организации получают доступ к моделям OpenAI на Amazon Bedrock
Канадские организации теперь могут использовать модели OpenAI через Amazon Bedrock.
