Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда адам тәрізді роботтар жасау жобасы іске қосылады. Ол робототехника, жасанды интеллект және өнеркәсіптік өндіріс салаларын біріктіріп, елдің өзіндік технологиялық және инженерлік құзыреттерін дамытуға бағытталатыны атап өтілді. "Жоба адам тәрізді роботтарды және Embodied AI саласындағы шешімдерді әзірлеуге және өндіруге маманданған AgiBot халықаралық технологиялық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Серіктестік Қазақстанда технологияларды локализациялауды, инженерлік құзіреттілікті дамытуды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мамандарды оқытуды көздейді", - деп хабарлады ҚР Ғылым министрлігі. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның міндеті тек дайын технологиялық шешімдерді енгізумен шектеліп қалмай, Қазақстанда өзінің инженерлік және ғылыми құзыреттерін қалыптастыру екенін айтты. «Гуманоидты роботтар өндірісі университеттерді, ғалымдарды және өндірісті бір технологиялық тізбекке біріктіретін платформаға айналуы керек.Біз мамандарды дайындау мен ғылыми зерттеулерден бастап технологиялық шешімдерді әзірлеуге және оларды өндірісте қолдануға дейінгі толық цикл туралы айтып отырмыз.

өнеркәсіп. Дәл осы білім, ғылым және өндіріс интеграциясының үлгісін ауқымды етуді көздеп отырмыз», – деді Саясат Нұрбек.