Шешімді адам қабылдайды, ал AI көмектеседі. 🤖 Жасанды интеллект бизнестегі шешім қабылдау үдерісін қалай өзгертуде? Ол басшының толыққанды көмекшісіне айнала ала ма? Ал, нақты тиімді шешімдерді алу үшін тапсырманы дұрыс қоя білу қаншалықты маңызды? «Business Bailam» бағдарламасының жаңа шығарылымында Айжан Ысқақова Qazaq National Product компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің мүшесі Әділ Упабековпен цифрлық трансформация, жасанды интеллект, деректер, отандық IT-өнімдерді дамыту және Қазақстанның келешегіндегі кәсіпкерлердің рөлі жайында сөз қозғайды.