«1000 әйел – 1000 мүмкіндік»: Түркістанда іскер әйелдердің ұлттық конгресі өтеді Әр әйелдің бастамасы – жаңа мүмкіндікке, ал әр кәсіпкердің жетістігі – өзгелерге үлгі. Осы идеяны тоғыстырған «1000 әйел – 1000 мүмкіндік» ұлттық конгресі 14 қарашада Түркістан қаласында өтеді. Ауқымды іс-шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитеті ұйымдастырады. Конгреске мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық жетекшілері, өңірлік Іскер әйелдер кеңестерінің мүшелері мен кәсіпкер әйелдер қатысады. Кездесу барысында әйелдер көшбасшылығы, кәсіпкерлікті дамыту, қаржыландыру көздеріне қол жеткізу, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері, жеке бренд қалыптастыру және бизнесті масштабтау мәселелері талқыланады. Сонымен қатар кәсіпкер әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады. Өтетін күні: 2026 жылғы 14 қараша Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Конгресс холл» ғимараты Байланыс телефоны: +7 747 939 60 09