🎉🚀Astana Hub халықаралық инновациялық кластері 8 жыл ішінде құны 6,7 млрд доллар болатын технологиялық экожүйе құрды. 6 қараша күні Astana Hub құрылғанына сегіз жыл толуын атап өтеді. Бүгінде кластер 2 700 компанияны біріктіреді, оның ішінде шетелдік қатысуы бар 560 кәсіпорын бар. 2019 жылдан бері экожүйе қатысушыларының жиынтық табысы 6,7 млрд АҚШ долларына жетті, IT-қызметтер экспорты 2,4 млрд АҚШ долларын құрады, ал стартаптар 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартты. Astana Hub бүкіл ел бойынша технологиялық кәсіпкерлікті, білім беру бағдарламаларын және стартаптарды қолдауды дамытып келеді. Сегіз жыл ішінде Astana Hub кәсіпкерлерді, инвесторларды, технологиялық компаниялар мен талантты мамандарды біріктіре отырып, Қазақстанның IT және AI-индустриясын дамытудың негізгі орталықтарының біріне айналды. Бүгінде мұнда перспективалы идеялар сұранысқа ие өнімдерге айналады, стартаптар инвестиция тартып, әлемдік нарықтарға шығады, ал мыңдаған маман кәсіби өсу мүмкіндігіне ие болады.