Astana Hub резиденттеріне арналған Social Impact Brunch 💡⠀alem.ai алаңында резиденттер мен Astana Hub командаларын біріктірген Social Impact Brunch өтті. Кездесу әлеуметтік әсер тақырыбында ашық диалог құруға арналды.⠀Қатысушылар резиденттік міндеттемелерді орындауға қойылатын өзекті талаптар мен мүмкіндіктермен танысып, сондай-ақ Astana Hub бөлімшелерінің қызметі мен негізгі бағыттары туралы көбірек ақпарат алды.⠀Іс-шара барысында тікелей өзара іс-қимылға ерекше мән берілді: қатысушылар командаларға өз сұрақтарын қойып, тәжірибе және идеяларымен бөлісті. World Café форматында интерактивті тапсырмаларды орындап, Kahoot арқылы Astana Hub экожүйесі туралы білімдерін тексерді.⠀Ойын элементтері де назардан тыс қалмады — қатысушылар токендер жинап, бөлімдер бойынша арнайы маршруттан өтіп, CSI сауалнамасына және түрлі байқауларға қатысты. Ал ең белсенді қатысушыларға AI & Digital Bridge билеттері және бас жүлде — «Алиса» ақылды динамигі сияқты сыйлықтар табысталды 🎁⠀Social Impact — бұл жай ғана міндеттеме емес, нақты өзгерістер жасауға және технологиялық бизнестің оң әсерін күшейтуге берілетін мүмкіндік. 🤝⠀Белсенділік танытып, идеяларыңызбен бөлісіп, ашық диалогқа қатысқан барлық резиденттерге рақмет!⠀〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️⠀Social Impact Brunch для резидентов Astana Hub 💡⠀В alem.ai прошёл Social Impact Brunch — встреча, которая объединила резидентов и команды Astana Hub для открытого диалога о социальном импакте.⠀Участники познакомились с актуальными требованиями и возможностями выполнения обязательств резидентства, а также узнали больше об активностях и направлениях подразделений Astana Hub.⠀Особое внимание уделили живому взаимодействию: участники задавали вопросы командам, обменивались опытом и идеями в формате World Café, проходили интерактивные задания и проверяли свои знания об экосистеме Astana Hub в Kahoot.⠀Не обошлось и без игровой механики — участники собирали токены, проходили обходной лист по офисам, участвовали в CSI-опросе и конкурсах, а самые активные получили призы, включая билеты на AI & Digital Bridge и главный приз — колонку «Алиса» 🎁⠀Спасибо всем резидентам за активность, идеи и открытый диалог!