Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – студенттердің ЖИ және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасын іске асыруды қолдау. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға, білім беру бастамаларын қолдауға, сондай-ақ студенттер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бағдарлама студенттердің заманауи технологияларды меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде қолдануына, өздерінің технологиялық және жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуіне, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруына және өзекті міндеттермен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтауына мүмкіндік береді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллект саласында білікті мамандар даярлау және студенттердің технологиялық құзыреттерін дамыту жоғары білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «Бүгінде жасанды интеллект экономиканы, ғылым мен білім беруді дамытудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып келеді. Осыған байланысты жоғары білім беру жүйесінің алдында өзгерістерден озып, жасанды интеллектіні тиімді пайдаланып қана қоймай, оның негізінде жаңа технологиялар, өнімдер мен шешімдер жасай алатын мамандар даярлау міндеті тұр. AI-Sana бағдарламасы дәл осы мақсатқа бағытталған. Біз студенттер үшін базалық ЖИ-құзыреттерді игеруден бастап, өздерінің технологиялық жобаларын іске асыруға дейінгі мүмкіндіктерді кезең-кезеңімен кеңейтіп келеміз. Бұл ретте білім беруді экономиканың нақты міндеттеріне жақындатуға және алған білімді тәжірибеде қолдануға қосымша мүмкіндік беретін бизнестің қатысуы аса маңызды. Halyk Bank-пен ынтымақтастық осы бағытты күшейтіп, AI-Sana экожүйесін практикалық нәтижеге және жастар арасында технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға одан әрі бағдарлауға мүмкіндік береді», — деді Саясат Нұрбек. Меморандум аясында тараптар студенттердің заманауи кәсіби және цифрлық құзыреттерін дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру және университеттердегі инновациялық ортаны нығайту бағыттарында да ынтымақтастық орнатады. Ынтымақтастықтың жеке бағыты Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ұлттық рейтингін дамытуға және ілгерілетуге байланысты бастамаларды қолдау болады. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс білім сапасын бағалаудың объективті бағдарларын қалыптастыруға, ашықтықты арттыруға және бәсекеге қабілетті білім беру ортасын дамытуға ықпал етеді. Серіктестіктің маңызды құрамдас бөлігі университеттер мен бизнес арасындағы өзара байланысты кеңейту болады. Жұмыс берушілер мен экономиканың нақты секторы өкілдерінің қатысуы маман даярлау кезінде еңбек нарығының өзекті талаптарын ескеруге, білім беру бағдарламаларының практикалық бағытын күшейтуге және студенттер арасында технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. «Бүгінде жасанды интеллект тек технологияларды ғана емес, білімге, мамандықтарға және жалпы білім беру тәсіліне қойылатын талаптарды да өзгертіп жатыр. Қазақстан үшін жас мамандардың жаңа технологияларды пайдаланушылар ғана емес, олардың негізінде өз шешімдерін, өнімдері мен бизнестерін жасай алуы маңызды. Ол үшін студенттерге практикалық білім, нақты міндеттермен жұмыс істеу мүмкіндігі және бизнеспен тығыз өзара іс-қимыл қажет. Halyk озық идеялар мен талантты жастардың Қазақстанда дамуына мүмкіндік жасауға мүдделі. AI-Sana бағдарламасын қолдау және Министрлікпен ынтымақтастықты кеңейту арқылы біз, ең алдымен, адами капиталға және еліміздің болашақтағы бәсекеге қабілеттілігіне инвестиция салып отырмыз», — деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова. Келісім жоғары білім беруді, жасанды интеллект пен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту бағыттарында Министрлік пен Halyk Bank арасындағы одан әрі ынтымақтастыққа негіз болады. Бірлескен бастамалар студенттер мен университеттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім беру мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады. Kaspi Gold теперь в Apple Pay Казахстанский рынок IT-услуг вырос почти вдвое Huawei Watch Fit 5 Pro: премиальный гаджет для контроля стресса и выгорания в большом городе От Excel к цифровому и AI‑предприятию: как среднему бизнесу Казахстана выстроить единую экосистему SAP Алла Зацепилова, Bereke Bank: за цифровой баланс в заботе о клиентах Асель Марченко, НПК Нацбанка РК: итеративно развиваем цифровую инфраструктуру Цифровые короли: Евгений Щербинин Болат Башеев: мы начинаем обсуждать технологии до того, как провели трансформацию бизнес-процессов Kaspi.kz стал генеральным партнером съемок фильма «Доспехи бога: Ультиматум» с Джеки Чаном Elcore стал авторизованным реселлером Anthropic
Материал агрегирован из первоисточника:
Profit.kz — ИТ в Казахстане
Читать полностью в Profit.kz — ИТ в КазахстанеҒылым министрлігі мен Halyk Bank студенттердің ЖИ-құзыреттерін дамытуға күш біріктіреді
Ғылым министрлігі мен Halyk Bank студенттердің ЖИ-құзыреттерін дамытуға күш біріктіреді.
Кратко от AI: Главные тезисы
- Ғылым министрлігі мен Halyk Bank студенттердің ЖИ-құзыреттерін дамытуға күш біріктіреді.

Похожие материалы
ENIt's happening...
One of the most controversial companies in history just filed to go public. And yes, we're talking about Anthropic. The same company that says there's a greater than 10% chance AI kills all of humanity is also simultaneously one of the best built businesses of all time. And in…
Новый полнофункциональный дизайнер
Сегодня ко мне присоединился Марвин Швайболд, который возглавляет студию дизайна продуктов в Shopify. Он расскажет нам о своем процессе из-за кулис >> [музыка] >> где мы увидим, как он использует новейшие инструменты искусственного интеллекта для воплощения своих проектов в жизнь, а затем рассмотрим некоторые присланные зрителями…
Anthropic подала документы на IPO
Объем размещения и цена за акцию пока не озвучены
Anthropic использует газ для поддержки роста ИИ
Anthropic сообщает о зависимости своих центров от природного газа и связанных рисках.

