Сапардың басты оқиғасы Дженсен Хуанг пен Жаслан Мадиевтің "fireside chat" форматындағы эксклюзивті әңгімесі болды. Талқылаудың өзегі - жасанды интеллекттің болашағы және Қазақстанның жаһандық AI-экономикадағы рөлі: энергетика мен есептеу инфрақұрылымын дамытудан бастап, дербес ЖИ мен машиналарға шынайы әлеммен әрекеттесуге мүмкіндік беретін Physical AI технологияларына дейінгі мәселелер. Қатысушылар ЖИ өнеркәсіпті, еңбек нарығы мен білім беруді қалай өзгертетінін, экономика мен қоғамға қандай мүмкіндіктер ашатынын және жаңа буынды технологиялық өзгерістерге қалай дайындау керектігін талқылады. Сондай-ақ Қазақстанның AI-экожүйесін дамытуға, таланттарды даярлауға және әлемдік деңгейдегі технологияларды құруға ерекше назар аударылды. Fireside Chat сессиясы аяқталғаннан кейін Дженсен Хуанг alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының Тілектер кітабына естелік жазба қалдырды.