Сапар барысында пайдаланушылар мемлекеттік, бизнес және өзге де қызметтерді өз бетінше ала алатын жаңа буындағы Self-Service Center кеңістігі таныстырылды. Бұл кеңістіктің негізгі элементі — табиғи тіл арқылы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін alem.gpt зияткерлік чат-көмекшісі болды. Бұл шешімнің технологиялық негізі — NVIDIA H200 графикалық процессорларын қолданатын Alem.Cloud GPU-кластерлерінде жұмыс істейтін жасанды интеллект модельдері. Сондай-ақ цифрлық құжаттар мен eGov QR сервисін қоса алғанда, eGov Mobile мүмкіндіктері, сондай-ақ цифрлық ипотеканы рәсімдеу мысалында мемлекеттік және банк жүйелерінің интеграциясы көрсетілді. Дженсен Хуангтың сапары Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасын дамытуға және оның жаһандық технологиялық индустрияға интеграциялануына жаңа мүмкіндіктер ашады. Ел ішінде әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлеу үшін жағдай жасаудың және қазақстандық мамандар мен компаниялардың халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызы ерекше.