Бағдарлама елдің жан-жақты цифрлық трансформациясына және негізгі салаларға ЖИ-ді жүйелі енгізуге бағытталған жалпыұлттық Digital Qazaqstan стратегиясының міндеттерін іске асыру үшін басқарушылық кадрларды дайындайды. Астанада мемлекеттік сектордағы жасанды интеллект технологияларын кеңейтуге саяси басшыларды дайындауға бағытталған стратегиялық AI Governance 500 бағдарламасының екінші легінің оқуы басталды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлесіп ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында іске асырылады. Оқуды премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеев және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай ашты. Бағдарлама елдің жан-жақты цифрлық трансформациясына және негізгі салаларға ЖИ-ді жүйелі енгізуге бағытталған жалпыұлттық Digital Qazaqstan стратегиясының міндеттерін іске асыру үшін басқарушылық кадрларды дайындайды. AI Governance 500 — цифрлық жобаларды бастауға және жүргізуге, олардың сәулеттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды құруға және ЖИ-ді енгізудің нақты нәтижелеріне жауап беруге қабілетті басшылар — ЖИ-офицерлер тобын қалыптастырады. Екінші легте мәслихат аппараттарының басшыларын дайындауға ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының III республикалық форумында облыстық мәслихаттар аппараттарының басшыларын AI Governance 500 бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыру міндетін қойып, орталық пен өңірлер арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту қажеттігін атап өтті. «Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру өз ведомстволары мен өңірлерінде өзгерістер жүргізуге басшылардың дайындығына байланысты. Сондықтан AI Governance 500 жасанды интеллектті қолдану міндеттерін анықтай алатын, деректермен жұмысты ұйымдастыра алатын және нәтижеге жауап бере алатын ЖИ-офицерлерді дайындайды. Азаматтар мен бизнестің мәселелерін елдің барлық өңірлерінде технологиялар арқылы жедел шешу үшін цифрлық құзыреттер жергілікті жерлерде нығаюы тиіс», — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. Оқуға Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Құрылтай депутаттары, салалық вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар аппараттарының басшылары, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары да қатысуда. Оқу жасанды интеллекттің рөлін және цифрлық мемлекет сәулетін стратегиялық түсінуден бастап, ведомстволар мен өңірлер үшін қолданбалы жобаларды әзірлеуге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Қатысушылар еңбек сыйымды рәсімдерді қысқартуға, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға және азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған бастамалар үстінде жұмыс істейді.
Материал агрегирован из первоисточника:
Profit.kz — ИТ в Казахстане
Читать полностью в Profit.kz — ИТ в КазахстанеМатериал собран из открытых источников. Если размещение затрагивает ваши права → Удалить информацию
AI Governance 500 бағдарламасының екінші легі басталды
AI Governance 500 бағдарламасының екінші легі басталды.
Кратко от AI: Главные тезисы
- AI Governance 500 бағдарламасының екінші легі басталды.

Похожие материалы
ENRobotic therapy for stroke patients
Strokes leave 5 million people with long-term impairments each year, and a growing shortage of physical therapists makes it hard for them to get the care they need. A new approach tries to solve that problem by combining artificial intelligence and human therapy. Johannes…
RoboBusiness переименовывается в Robotics Summit & Expo West
Arrowfly, отмеченная наградами медийная и маркетинговая компания B2B, сегодня объявила, что RoboBusiness, ведущее мероприятие индустрии робототехники за последние 20 лет, переименовывается в Robotics Summit & Expo West, конференцию и выставку, посвященную проектированию, развертыванию и масштабированию…
Цифровые двойники: зачем Казахстан внедряет искусственный интеллект в промышленность
Цифровые двойники: зачем Казахстан внедряет искусственный интеллект в промышленность Oninvest
Google и Synaptics представили новые чипы ИИ для носимых устройств
Google и Synaptics представили новые чипы ИИ для носимых устройств.
