🚀 Дайын өнім немесе MVP бар ма? Оны жаңа деңгейге шығарып, нақты секторға енгізетін уақыт келді! Astana Hub технологиялық стартаптарды G-TON акселерациялық бағдарламасына қабылдауды бастайды. Бағдарлама стартаптарға өз шешімдерін цифрландыру мен ТКШ-дан бастап экология, көлік және қауіпсіздікке дейінгі 11 негізгі саладағы өңірлік әкімдіктердің 47 нақты міндетіне бейімдеуге көмектеседі. Қатысушылар әкімдіктер өкілдерімен тікелей жұмыс істеп, кері байланыс ала алады, салалық онлайн-семинарлардан өтіп, мастермайндтарға, воркшоптарға және трекингке қатысады. Бағдарлама соңында өз шешімдерін өңірлік тапсырыс берушілер алдында өтетін Demo Day-де таныстырады. 📍 Шешіміңізді мына өңірлердің нақты міндеттеріне сай сынақтан өткізіп, бейімдеу мүмкіндігіне ие болыңыз: Қостанай, Маңғыстау облысы, Шымкент, Алматы облысы, Абай облысы. 📩 Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі — 12 қазан.