AI Film Award 2027 халықаралық байқауы жасанды интеллект көмегімен түсірілген қысқаметражды фильмдерге өтінім қабылдай бастады. Байқаудың бас жүлдесі — 1 миллион доллар. Қатысушылар жұмыстарын 2026 жылғы 20 қарашаға дейін жіберуі керек, деп хабарлайды Tech-news. Байқауға әлемнің кез келген елінен 18 жастан асқан авторлар қатыса алады. Фильмнің ұзақтығы 5–7 минут болуы шарт. Жұмысты кез келген тілде түсіруге рұқсат етілген, бірақ ағылшын тіліндегі субтитр міндетті. Қатысушылар бес тақырыптық бағыттың бірін таңдай алады: қоғам және гуманитарлық мәселелер, жалған жаңалықтар мен дезинформация, адам мен жасанды интеллект қарым-қатынасы, климат және табиғат. Қазылар алқасы фильмнің оқиғасы мен идеясының ерекшелігін ғана емес, визуалды стилін, техникалық сапасын және жасанды интеллекттің шығармашылық үдерісте қаншалықты орынды қолданылғанын да бағалайды. Үздік 10 жұмыс 2026 жылғы 15 желтоқсанда жарияланады. Сол күні көрермендердің ашық дауыс беруі басталады. Ал бес финалистің есімі 25 желтоқсанда белгілі болады. Бас жүлде иегері 2027 жылғы 10 қаңтарда Дубайда өтетін 1 Billion Followers саммитінде анықталады. Іс-шара 8–10 қаңтарға жоспарланған. Байқау ережелеріне сәйкес, авторлар өз фильмдеріне деген құқықтарын сақтап қалады. Еске салайық, қазан айының басында Астанада Astana AI Film Festival өтті. Фестивальге 125 елден 8 067 өтінім түскен. Оның негізгі бағдарламасына 25 фильм іріктелді. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 2 миллион доллар болды. Соның ішінде Латвиядан келген Николай Шестак «The First Honest Day» фильмі үшін 450 мың доллар алды. Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясында жеңіске жетті. AI Film Award 2027 байқауы да жасанды интеллекттің кино өндірісіндегі мүмкіндіктерін көрсетуге және жаңа авторларды халықаралық деңгейде танытуға бағытталған. Сообщение AI Film Award 2027: үздік ЖИ-фильм авторына $1 млн беріледі появились сначала на Tech news.
标题为哈萨克语AI Film Award 2027: үздік ЖИ-фильм авторына $1 млн беріледі
AI Film Award 2027 халықаралық байқауы жасанды интеллект көмегімен түсірілген қысқаметражды фильмдерге өтінім қабылдай бастады. Байқаудың бас жүлдесі — 1 миллион доллар. Қатысушылар жұмыстарын 2026 жылғы 20 қарашаға дейін жіберуі керек, деп хабарлайды Tech-news. Байқауға әлемнің…
AI 摘要:要点
- AI Film Award 2027 халықаралық байқауы жасанды интеллект көмегімен түсірілген қысқаметражды фильмдерге өтінім қабылдай бастады
- Байқаудың бас жүлдесі — 1 миллион доллар
- Қатысушылар жұмыстарын 2026 жылғы 20 қарашаға дейін жіберуі керек, деп хабарлайды Tech-news

相关文章
Replika 联合创始人推出了 Wabi——一款可以自行创建应用程序的人工智能信使
🤖 Replika 联合创始人推出了 Wabi - 一个可以自行创建应用程序的 AI 信使。 Evgenia Kuida 开放了 Wabi——一个结合了信使和迷你应用程序生成器的个人人工智能代理。在这里,您可以为不同的...创建单独的线程,而不是通常的聊天。
ENHugging Face CEO warns that Netflix’s OpenAI hack documentary isn’t accurate
Before you share the Netflix documentary "AI Gone Rogue" take note. Clem Delangue, Hugging Face's co-founder who is featured in the film, says it went "full doomer mode" and isn't accurate.
谷歌更加个性化的 Gemini AI 即将进入你的汽车
谷歌正在为汽车中的 Gemini AI 带来个人智能。通过此更新,Android Auto 中的 Gemini 以及内置 Google 的汽车可以跨 Google 应用程序访问您的信息,包括 Gmail、日历、地图、照片、YouTube 和搜索。举个例子,谷歌说……

