HackAlem AI халықаралық AI-хакатоны GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты AI Month аясында Астанада өткен HackAlem AI хакатоны қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатып, 2025 жылы Үндістанда тіркелген алдыңғы рекордтан асып түсті. Қатысушылар он бағыт бойынша AI-шешімдер әзірлеп, OpenAI, NVIDIA және Arizona State University ұсынған жалпы құны 1,5 млн АҚШ долларына дейінгі технологиялық және білім беру ресурстарына қол жеткізді. Сондай-ақ, Kazakhtelecom бағыты бойынша «Қазақтелеком» АҚ тағайындаған арнайы жүлде бар: бұл санаттың үздіктеріне AI-Farabium.cloud платформасында пайдалану үшін жалпы сомасы 10 000 АҚШ долларын құрайтын токендер табысталады. Рекордты орнату процесі GUINNESS WORLD RECORDS талаптарына сай ұйымдастырылды: қатысушылар тіркеуден өтіп, сәйкестендірілді және олардың нақты қатысуы бақыланды. HackAlem AI Қазақстанда жасанды интеллектке, цифрлық технологияларға және технологиялық құзыреттерді дамытуға арналған іс-шаралар сериясы — AI Month-ты халықаралық AI & Digital Bridge 2026 технологиялық форумы қарсаңында ашты. 〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️ Международный AI-хакатон HackAlem AI установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS В рамках AI Month в Астане HackAlem AI установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS по количеству участников AI-хакатона, превзойдя предыдущий рекорд, установленный в Индии в 2025 году. Участники создавали AI-решения по десяти направлениям и получили доступ к технологическим и образовательным ресурсам OpenAI, NVIDIA и Arizona State University общей стоимостью до $1,5 млн. А также специальный приз от АО «Казахтелеком» в треке Kazakhtelecom — токены на платформе AI-Farabium.cloud на общую сумму 10 000 долларов США. Установление рекорда проходило в соответствии с требованиями GUINNESS WORLD RECORDS с регистрацией, идентификацией и контролем фактического участия. HackAlem AI открыл AI Month — серию мероприятий, посвящённых искусственному интеллекту, цифровым технологиям и развитию технологических компетенций в Казахстане, в преддверии международного технологического форума AI & Digital Bridge 2026.