Қазақстанда еңбек саласында жасанды интеллектіні қолданудың негізгі қағидаттары айқындалды. Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне әсер ететін шешімдер адамның қатысуымен қабылдануы тиіс. Астанада мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері «Алгоритмдік бақылау, кәсіподақтардың рөлі, бизнестің жауапкершілігі» атты Астана үшжақты декларациясына қол қойды. Құжат еңбек саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданудың келісілген тәсілдерін бекітеді. Негізгі қағидат бойынша технологиялық өзгерістердің ортасында адам қалуы керек. Бұл еңбек құқықтарын қорғауды, адами капиталды дамытуды, қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты шешімдерге адамның қатысуын сақтауды көздейді. «Цифрлық еңбек және жасанды интеллект» халықаралық форумында мемлекет, кәсіподақтар, бизнес, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар ЖИ-дің жұмыспен қамтуға, кәсіби дағдыларға және платформалық экономиканың дамуына ықпалын талқылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, технологияларды дамыту жұмыс орындарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырумен және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар жүруі тиіс. Вице-министр Бахтияр Жазықпаев Enbek жүйесінде жасанды интеллект қалай қолданылып жатқанын айтты. «Айдана» ЖИ-ассистенті азаматтармен 61 мыңнан астам диалог жүргізген. Өтініштердің 77%-ы оператордың қатысуынсыз шешіледі. Цифрлық жұмыспен қамту қызметі де дамып келеді. Жүйе адамның мамандығын, тәжірибесі мен біліктілігін ескеріп, оған сәйкес бос жұмыс орындарын ұсынады. Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы пилоттық жоба аясында екі айда азаматтарға 60 мыңға жуық жеке ұсыныс жіберілген. Жүйенің ұсынымдары арқылы 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Жасанды интеллект кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде де қолданылады. Арнайы конфигуратор 150-ден астам дереккөздегі мәліметтерді талдап, бұрын шамамен үш ай уақыт алатын стандарт жобасын 3–5 күнде дайындауға мүмкіндік береді. Осы құрал арқылы қазірдің өзінде 100 жоба әзірленген. Соған қарамастан сараптамалық бағалау мен түпкілікті шешім адамға тиесілі. ЖИ еңбек құқықтарының бұзылуы мен өндірістік жарақаттану қаупін анықтауға да көмектеседі. Еңбек тәуекелдерінің картасы 23 көрсеткіш бойынша 99,5 мың кәсіпорынды қамтиды. Жүйе еңбек заңнамасын бұзу немесе әлеуметтік-еңбек жанжалдарының туындау қаупі жоғары 2,4 мыңға жуық кәсіпорынды анықтаған. Еңбек министрлігінің мәліметінше, ЖИ енгізу қызметкерлерге нақты пайда әкелуі тиіс: жұмыс іздеуді жеделдету, мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету, әкімшілік рәсімдерді қысқарту және еңбек құқықтарының бұзылу қаупін дер кезінде анықтау. Бұл ретте азаматтардың құқықтарына әсер ететін шешімдер адамның қатысуымен қабылдануы керек. Сообщение Қазақстанда ЖИ жұмысқа орналасуға көмектеседі, бірақ соңғы шешімді адам қабылдайды появились сначала на Tech news.
Startups2 分钟阅读
标题为哈萨克语Қазақстанда ЖИ жұмысқа орналасуға көмектеседі, бірақ соңғы шешімді адам қабылдайды
Қазақстанда еңбек саласында жасанды интеллектіні қолданудың негізгі қағидаттары айқындалды. Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне әсер ететін шешімдер адамның қатысуымен қабылдануы тиіс. Астанада мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері «Алгоритмдік бақылау,…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年10月8日 (10月8日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Қазақстанда еңбек саласында жасанды интеллектіні қолданудың негізгі қағидаттары айқындалды
- Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне әсер ететін шешімдер адамның қатысуымен қабылдануы тиіс
- Астанада мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері «Алгоритмдік бақылау,…

全文为哈萨克语
事件时间线
相关文章
Startups1 分钟
Replika 联合创始人推出了 Wabi——一款可以自行创建应用程序的人工智能信使
🤖 Replika 联合创始人推出了 Wabi - 一个可以自行创建应用程序的 AI 信使。 Evgenia Kuida 开放了 Wabi——一个结合了信使和迷你应用程序生成器的个人人工智能代理。在这里,您可以为不同的...创建单独的线程,而不是通常的聊天。
Telegram — GPT Time | Нейросети | ИИ
ENHugging Face CEO warns that Netflix’s OpenAI hack documentary isn’t accurate
Before you share the Netflix documentary "AI Gone Rogue" take note. Clem Delangue, Hugging Face's co-founder who is featured in the film, says it went "full doomer mode" and isn't accurate.
TechCrunch — AI
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
谷歌更加个性化的 Gemini AI 即将进入你的汽车
谷歌正在为汽车中的 Gemini AI 带来个人智能。通过此更新,Android Auto 中的 Gemini 以及内置 Google 的汽车可以跨 Google 应用程序访问您的信息,包括 Gmail、日历、地图、照片、YouTube 和搜索。举个例子,谷歌说……
The Verge — AI

