Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу аясын кеңейту мәселесі талқыланды. Кездесуге университеттер, ғылыми ұйымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tech-news. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ үшін өзара қызығушылық тудыратын бағыттарды қарастырды. Олардың қатарында аса маңызды шикізат материалдары, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және басқа да технологиялық салалар бар. Horizon Europe бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Әлия Сембаеваның айтуынша, соңғы жылдары қазақстандық ұйымдардың бағдарламаға қызығушылығы айтарлықтай өскен. «2023 жылы Қазақстаннан небәрі 15 өтінім түскен еді. Қазір қазақстандық ұйымдар 200-ге жуық өтінім берді. Шамамен 2 млн еуро қаржы тартылды. Өтінімдерді бағалайтын сарапшыларымыздың саны да беске дейін артты», – деді Әлия Сембаева. Қазір Horizon Europe аясында Қазақстанның 50-ге жуық жобасы жүзеге асырылып жатыр немесе аяқталған. Қазақстандық ұйымдар бағдарламаға өз жобаларын ұсынып қана қоймай, іске асырылып жатқан халықаралық жобаларға да қосыла алады. Соның бір мысалы – Назарбаев Университетінің сирек жер металдары саласындағы жобаға қатысуы. Университет Нидерландтан келген докторанттың зерттеу жүргізуіне алаң ұсынып, бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындауға қатысып жатыр. «Horizon Europe іс жүзінде барлық бағыт бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұнда іргелі ғылымнан бастап инновациялық жобалар мен стартаптарды қолдауға дейінгі қаржыландыру құралдары бар. Қазақстандық ұйымдардың сирек жер металдары жобаларымен ғана шектелмей, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, денсаулық сақтау, ғарыш және басқа салаларда да ұсынылғаны маңызды», – деді ұлттық үйлестіруші. Қазақстан енді жекелеген жобаларға қатысудан жүйелі ынтымақтастыққа көшуді көздеп отыр. Осы мақсатта ел Horizon Europe бағдарламасының қауымдастырылған елі мәртебесін алу үшін ресми өтінім берген. Мұндай мәртебе қазақстандық университеттерге, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен компанияларға бағдарламаға кеңірек шарттармен қатысуға және халықаралық консорциумдарға белсенді қосылуға мүмкіндік береді. «Жүйелі жұмыс істеу үшін біз осы бағдарламаның толыққанды серіктесі болуымыз керек. Маусым айында Қазақстанның Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылуы бойынша Еуропалық комиссиямен диалог басталды. Ендігі міндет – қазақстандық ұйымдардың Еуропадағы ірі ғылыми-зерттеу және инновациялық консорциумдарға жүйелі түрде қатысуына көшу», – деді Әлия Сембаева. Қазақстан Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылу туралы ресми өтінімді 2026 жылдың маусымында жолдаған. Қазір Еуропалық комиссиямен рәсімдік, құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша алдын ала консультациялар жалғасып жатыр. Horizon Europe бағдарламасы 2021–2027 жылдарға арналған және халықаралық ғылыми жобаларды, технологиялар мен инновацияларды қолдауға бағытталған. Бағдарламаның жалпы бюджеті 93,5 млрд еуроны құрайды. Астанадағы кездесу инновациялық саясат жөніндегі еуропалық TAIEX сарапшылары миссиясы аясында өтіп жатыр. 5–9 қазан аралығында мамандар Қазақстандағы ғылымды, инновацияларды және коммерцияландыруды қолдау жүйесін бағалап, оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Сообщение Қазақстаннан Horizon Europe бағдарламасына өтінім саны 15-тен 200-ге жуықтады появились сначала на Tech news.
标题为哈萨克语Қазақстаннан Horizon Europe бағдарламасына өтінім саны 15-тен 200-ге жуықтады
Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу аясын кеңейту мәселесі талқыланды. Кездесуге университеттер, ғылыми ұйымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tech-news. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ үшін өзара…
AI 摘要:要点
- Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу аясын кеңейту мәселесі талқыланды
- Кездесуге университеттер, ғылыми ұйымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tech-news
- Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ үшін өзара…

相关文章
ENOtter.ai raises $320 million from General Catalyst’s growth fund for its meeting tool
Meeting note-taking tool Otter.ai announced on Tuesday that it has raised $320 million from General Catalyst’s Customer Value Fund (CVF), which provides capital to startups without diluting equity and gets returns on the results of marketing spend. Otter.ai said that it…
神经网络已经无处不在,但例行公事并没有消失:报告、表格、信件、演示——它们需要半天时间。
神经网络已经无处不在,但例行公事并没有消失:报告、表格、信件、演示——它们需要半天时间。 10 月 22 日,Bitrix24 将举办免费在线研讨会“Vibcode 2026”,展示如何将这些任务委托给 AI。在短短 2.5 小时内,参与者将学习...
ENGecko Robotics secures $300M contract with the U.S. Navy
Gecko’s suite of technologies ensures data integrity by collecting and integrating full-coverage, high-fidelity data layers. | Source: Gecko Robotics Gecko Robotics this week said it has earned an additional $300 million its contract with the U.S. Navy and General Services…
阿斯塔纳中心与根特大学开设人工智能和数学联合实验室
阿斯塔纳中心和根特大学开设人工智能和数学联合实验室Enbekshi QazaQ
