ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастығын дамыту, жасанды интеллект саласында мамандар даярлау бағытындағы өзара іс-қимылды кеңейту және NVIDIA компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Саясат Нұрбек Қазақстанда өңірлік академиялық білім беру орталығын құру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Сондай-ақ Qazaq AI Research University (QAIRU) базасында Орталық Азия елдеріне арналған NVIDIA Deep Learning Institute (DLI) өңірлік орталығын құру мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Тараптар NVIDIA DLI Ambassadorship бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейту және компанияның ұлттық AI-Sana бағдарламасын іске асыруға қатысу перспективаларын да қарастырды. Бүгінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA компаниясымен бірлесіп, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің жасанды интеллект, жеделдетілген есептеулер және жоғары өнімді технологиялар салаларындағы құзыреттерін дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — NVIDIA Deep Learning Institute (DLI) бағдарламасы. Бағдарлама аясында NVIDIA DLI сертификатына ие оқытушылар-амбассадорлар желісі қалыптасып келеді. Олар NVIDIA-ның халықаралық бағдарламалары бойынша оқыту жүргізуге, ресми оқу және зертханалық материалдарды пайдалануға, сондай-ақ заманауи AI құзыреттерін университеттерде кеңінен енгізуге мүмкіндік алады. Оқытушыларды даярлау мамандандырылған оқытуды, білімді қорытынды бағалауды және сұхбаттан өтуді қамтиды. Бағдарламаны сәтті аяқтаған оқытушы халықаралық сертификат алып, Ambassador Instructor мәртебесіне ие бола алады. DLI білім беру бағдарламалары жеделдетілген есептеулер, терең оқыту, деректерді өңдеу, жасанды интеллект және робототехника, сондай-ақ Deep Learning технологияларын ғылым мен инженерияда, графика және әмбебап есептеулер салаларында қолдану бағыттарын қамтиды. Қазақстанда бағдарламаның пилоттық кезеңіне 12 техникалық жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. Бүгінде бағдарлама аясында 160 студент оқудан өтті, ал 5 оқытушы DLI нұсқаушысы ретінде сертификатталды. Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындары өздерінің есептеу инфрақұрылымын дамытып жатыр. Атап айтқанда, білім беру және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін университеттердің суперкомпьютерлік кешендері құрамында NVIDIA графикалық жеделдеткіштері сатып алынып, пайдаланылады. NVIDIA компаниясымен серіктестікті одан әрі дамыту қазақстандық студенттер мен оқытушылардың жасанды интеллект саласындағы халықаралық білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін кеңейтіп, AI-білім беру және озық технологиялар бағытындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
内容来自原始来源:
Profit.kz — ИТ в Казахстане
在 Profit.kz — ИТ в Казахстане 阅读全文本内容来自公开来源。若发布内容影响您的权利 → 申请删除信息
标题为哈萨克语Саясат Нұрбек NVIDIA компаниясының вице-президентімен Қазақстандағы AI-білім беруді дамыту мәселесін талқылады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті.
Profit.kz — ИТ в Казахстане作者: PROFIT2026年10月7日 (10月7日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті.

全文为哈萨克语
相关文章
法官驳回萨姆·奥尔特曼妹妹的性虐待诉讼
周二,美国地区法官 Zachary Bluestone 驳回了 Ann Altman 去年提起的诉讼,指控她的兄弟、OpenAI 首席执行官 Sam Altman 在她的整个童年时期对她进行了性虐待。正如《卫报》早些时候报道的那样,法官写道,去年,安……
The Verge — AI
ENAnthropic pitches AI safety bill that may block a model if 50+ people could be killed
The proposed policy seems to offer protections against AI run amok but actually forbids federal agencies from blocking a model's release without the permission of a judge.
TechCrunch — AI
ENHugging Face CEO warns that Netflix’s OpenAI hack documentary isn’t accurate
Before you share the Netflix documentary "AI Gone Rogue" take note. Clem Delangue, Hugging Face's co-founder who is featured in the film, says it went "full doomer mode" and isn't accurate.
TechCrunch — AI
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ


