🚀 Стартапыңызды халықаралық инвесторға таныстырғыңыз келе ме? Astana Hub Startup Discovery Sessions with Sturgeon Capital аясында қордың венчурлік және импакт-инвестициялар жөніндегі серіктесі Робин Батлермен жеке офлайн-кездесулерге шақырады. 30 минут ішінде жобаңызды таныстырып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылай аласыз. Қатысуға Pre-Seed, Seed және Pre-Series A кезеңдеріндегі кез келген саладағы стартаптар шақырылады.