🚀 Astana Hub қатысушысы Zimran өнімдік IT бойынша тегін Zimran IT School бағдарламасын ашты Бұл — консалтинг, қаржы, маркетинг, аналитика, e-commerce, operations және басқа да салалардың мамандарына арналған төрт апталық бағдарлама. Қатысушылар Market Research, Marketing, Product, Analytics, Operations және AI бағыттарының бір өнім аясында қалай байланысатынын зерттеп, нақты кейстермен жұмыс істейді және capstone-жоба дайындайды. Сабақтарды Zimran негізін қалаушылары, CEO-лар және функционалдық көшбасшылар жүргізеді. Техникалық білім талап етілмейді.