🚀 Digitec 2026 аясындағы Startup Alley-ге небәрі 3 орын қалды! Astana Hub қазақстандық технологиялық стартаптарды 20–22 қараша аралығында Ереванда өтетін Digitec 2026 — World's New AI Hub халықаралық форумының Startup Alley алаңына қатысуға шақырады. Digitec Кавказ, Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Еуропа және АҚШ технологиялық экожүйелерін бір алаңға біріктіреді. Форумда ұсынылатын компаниялар қатарында NVIDIA, OpenAI, AWS, Dell Technologies, Mozilla, Picsart және басқа да халықаралық технологиялық ойыншылар бар. Қазақстаннан тыс жерде өз шешімдерін таныстыруға дайын қазақстандық технологиялық стартаптар мен IT-компаниялар қатысуға шақырылады. 💰 Қатысу құны: 300 000 AMD ⏰ Өтінімдер 21 қазан, сағат 18:00-ге дейін қабылданады.