Екібастұздағы қуаты 50 МВт болатын алғашқы деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) 2027 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев пен «Қазақтелеком» АҚ басшысы Бағдат Мусиннің Data Center Valley құрылыс алаңына барған сапарында мәлім болды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлайды. Жұмыс сапары барысында делегация құрылыс барысымен, жобаны жүзеге асыру кезеңдерімен және Қазақстанда халықаралық есептеу қуаты орталығын құру келешегімен танысты. Data Center Valley заманауи деректерді өңдеу орталықтарын орналастыруға, жасанды интеллектіні дамытуға және халықаралық технологиялық компанияларды тартуға арналған ауқымды технологиялық кластер ретінде қалыптасып келеді. Жоба есептеу қуатын 1 ГВт-қа дейін арттыра отырып, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытуды көздейді. Қуаты 215 МВт болатын бірінші кезеңнің ресурстары толығымен алдын ала брондалған. Ал қуаты 50 МВт болатын алғашқы деректерді өңдеу орталығын 2027 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. Кездесуде энергиямен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым, алаңның технологиялық дайындығы және құрылыс кестесін сақтау мәселелері басты тақырыпқа айналды. Жаслан Мадиев бұл жобаның ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті. «Бүгінде жасанды интеллект экономикалық өсім мен мемлекеттердің технологиялық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналып келеді. Алайда жасанды интеллектті дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Оған есептеу қуаттары, сенімді энергиямен жабдықтау жүйесі және заманауи деректерді өңдеу орталықтары жатады. Data Center Valley Қазақстанға жаһандық жасанды интеллект картасында өз орнын иеленуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба. Біздің міндетіміз халықаралық технологиялық компаниялар Қазақстанның инфрақұрылымын пайдаланып қана қоймай, осында өз жобаларын дамытып, инвестиция салып, жаңа құзыреттер қалыптастыруына жағдай жасау», – деді ол. Жоба NVIDIA және Firebird AI сияқты халықаралық технологиялық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда. Ол жасанды интеллект модельдерін үйретуге және қолдануға арналған озық графикалық процессорлар базасында жоғары өнімді есептеу инфрақұрылымын құруды қарастырады. Жобаны дамытуға тартылатын жалпы инвестиция көлемі шамамен 5 млрд долларды құрайды деп күтілуде. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Data Center Valley жобасын іске асыру Қазақстан үшін жаһандық цифрлық экономикада мүлде жаңа мүмкіндіктер ашатынын баса айтты: «Ұзақ уақыт бойы Қазақстанды ең алдымен табиғи ресурстарға бай ел ретінде қарастырып келді. Бүгінде қолжетімді энергияны жаңа экспорттық өнімге, яғни есептеу қуаттарына айналдыруға мүмкіндік бар. Біз әлемдегі ең ірі жасанды интеллект жүйелеріне Қазақстан аумағынан тікелей қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрып жатырмыз. Ең маңыздысы, бұл енді жай ғана тұжырымдама емес. Бірінші кезеңдегі қуаттар толық көлемде алдын ала бөлінген, халықаралық серіктестер бар және нақты инвестициялық міндеттемелер қабылданған. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды әлемдік жасанды интеллект инфрақұрылымының негізгі орталықтарының біріне айналдыру», – деді ол. Data Center Valley жобасының басты бәсекелестік артықшылығы – 1 кВт·сағ үшін 2,5 центтен басталатын арзанырақ тариф, бұл бұл алаңды энергияны көп қажет ететін есептеу жүйелері үшін өте тартымды етеді. Бұдан бөлек, жоба заманауи салқындату технологияларын, энерготиімділікті арттыруды және экологиялық стандарттарды сақтауды қарастырады. Мемлекеттік орган өкілдері мен жоба басшылығы құрылыстың кейінгі кезеңдерін, қажетті инфрақұрылымды дамытуды және халықаралық инвесторларды тарту бойынша атқарылатын жұмыстарды талқылады. Бұған дейін Қазақстанда шетелдік деректерді сақтауға арналған «дата-елшіліктер» құрылатыны хабарланған болатын. Cloud First Policy (Data Embassy) жобасы толық заңды суверенитетті сақтай отырып, ҚР аумағында шет мемлекеттердің деректерін орналастыру мүмкіндігін қарастырады. Еске салсақ, Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. ДӨО алқабына 30 млрд долларға жуық инвестиция тарту жоспарланғаны хабарланған еді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Қазақтелеком» және Aleria компаниясы өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Келісім Data Center Valley жобасымен байланысты. Presight AI басшысы ДӨО алқабы жобасына қатысуға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар жоба бойынша Firebird және NVIDIA компанияларымен 10 млрд долларға келісімшарттар жасалды. Екібастұзда 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында қуаты 125 МВт болатын ДӨО іске қосылады. 2028 жылы тағы 125 МВт-тық ДӨО пайда болады.
From the original source:
Kapital.kz
Read full article at Kapital.kzThis material was compiled from public sources. If its publication affects your rights → Request removal
Electricity tariff set for Data Center Valley in Ekibastuz
The first data center in the cluster will be commissioned in Q2 2027
AI Summary & Key Takeaways
- The first data center in the cluster will be commissioned in Q2 2027
Event timeline
Related stories
Sam Altman Reveals OpenAI's FINAL PLAN (It's Insane)
Sam Alman, the CEO of OpenAI, the company behind ChatGpt, just told his own employees that there are only three ways this whole AI race can end. And one of those endings is a single company getting so powerful that it can literally melt everyone else's GPUs. This is not a…
Ex-Nvidia-turned-VC Amulya Vishwanath: ‘Physical AI is in it’s LEGO era’
It’s the moment everyone is waiting for — the ChatGPT moment for robotics, Amulya Vishwanath explained to TechCrunch’s Equity.
The new economics of enterprise AI
Imagine your company just discovered electricity. At first only a few machines run on it, and nobody worries about efficiency — consumption is low and the value is obvious. But once electricity becomes infrastructure, every process depends on it, and the question changes from…
RUСША приказали федеральным агентствам удалить AI DeepSeek из систем
США приказали удалить технологии DeepSeek из государственных систем.


