NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг 23 қазанда Астанада жасанды интеллекттің болашағына арналған ашық пікірталасқа қатысады, деп хабарлайды Tech-news. Fireside Chat форматындағы кездесуде ол Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен әңгімелеседі. NVIDIA — әлемдегі жасанды интеллект жүйелеріне арналған чиптер мен есептеу платформаларын әзірлейтін жетекші технологиялық компаниялардың бірі. Оның технологиялары нейрожелілерді оқытуда, деректерді өңдеуде және генеративті ЖИ құралдарының жұмыс істеуінде кеңінен қолданылады. Кездесуде жасанды интеллекттің даму бағыты мен технологияның болашағы талқыланады. Бұл — NVIDIA басшысының пікірін тыңдап, саланың алдағы өзгерістері туралы білуге мүмкіндік беретін ашық диалог. Кездесу қашан өтеді? Күні: 23 қазан Уақыты: 11:00–12:00 (Астана уақыты бойынша) Форматы: онлайн трансляция Сообщение NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг 23 қазанда Астанада сөз сөйлейді появились сначала на Tech news.