🌐 9 қазанда alem.ai алаңында Network School ұйымдастыратын жыл сайынғы Network State Conference конференциясының тікелей трансляциясы өтеді. Конференцияда технологиялар мен жаһандық қауымдастықтардың болашағы, цифрлық егемендік, құпиялылық, стартап-қоғамдар және криптоидентификация талқыланады. Спикерлер қатарында Жаслан Мадиев, Balaji Srinivasan, Vitalik Buterin, Richard Teng, Niall Ferguson, сондай-ақ Samsung, Coinbase Base, Paxos, Polychain, StarkWare, Floodgate, Dragonfly және басқа да технологиялық компаниялар мен қауымдастықтардың өкілдері бар. alem.ai алаңында қатысушыларды Сингапурдан тікелей трансляция, Network School бойынша экскурсия, түскі ас, нетворкинг және ашық талқылаулар күтеді. 📅 9 қазан, 06:30–17:00 📍 alem.ai, 1-қабат, А. Мәмбетов атындағы театр жағынан кіреберіс