Негізгі қағидат – цифрлық жобалар өңірдіңнақты қажеттіліктерінен туындап, тұрғындар, бизнес және мемлекеттік басқару үшінөлшенетін нәтиже беруі тиіс. Павлодар облысына жұмыс сапарыаясында Қазақстан РеспубликасыныңЖасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев өңірлікцифрлық жобалармен танысып, стартаптаржәне IT-қоғамдастық өкілдерімен кездесті, Павлодар мен Екібастұз қалаларындағыахуалдық орталықтарға барып, сондай-ақхалықпен кездесу өткізді. Pavlodar Hub алаңында өңірдің нақтыміндеттерін шешуге қолдануға болатынтехнологиялық жобалар мен шешімдертаныстырылды. Атап айтқанда, келесі жобалар қаралды: Barjok — электр энергиясыныңажыратылуын мониторингтеуге арналғаншешім. Энергетика басқармасымен бірлесіп, электр энергиясының ажыратылуын жеделанықтау және мониторинг жүргізу үшін аталғаншешімді енгізу мүмкіндігін пысықтаутапсырылды. Ping! — 109 қызметінің жұмысына жасандыинтеллект енгізуге арналған шешім. Азаматтардың өтініштерін өңдеудіавтоматтандыру және ден қою жылдамдығынарттыру мақсатында жобаны пилоттықрежимде іске асыру мәселесін пысықтауұсынылды. Tekser — мектептерге арналған цифрлықшешімдер. Қолданыстағы пилоттық жобалардыаяқтап, олардың қорытындысы бойынша оданәрі масштабтау мүмкіндігін бағалаутапсырылды. Dala Capital — Real World Assets (RWA) саласындағы жоба. Жобаны Alatau city-менбірлесіп одан әрі дамыту мүмкіндіктерінпысықтау ұсынылды. Qoldam — тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық саласындағы дебиторлықберешекпен жұмыс істеуге арналған шешім. Жобаны Павлодар қаласында іске қосу жәнеоның практикалық тиімділігін бағалауұсынылды. Өңірдің стартап-экожүйесін одан әрі дамытумәселелері де жеке талқыланды. Pavlodar Hubбазасында жастар, IT-мамандар, стартаптаржәне өңірдің технологиялық қоғамдастығы үшінтартымды орталыққа айналатын заманауикеңістік құру ұсынылды. Жұмыс сапары барысында Павлодар қаласының ахуалдық орталығының жұмысы да зерделенді. Негізгі міндет — жекелеген ақпараттықжүйелер мен мониторингтік панельдердендеректер негізінде жұмыс істейтін бірыңғайбасқару орталығына көшу. Ахуалдық орталықөңірлік ақпараттық жүйелердің барынша көпсанын интеграциялап, өңірде болып жатқанжағдайдың кешенді көрінісін қамтамасыз етуітиіс. Екібастұз қаласының қалалық жәнекоммуналдық инфрақұрылымдымониторингтеу тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Оң нәтижесін көрсеткеншешімдерді облыстың басқа аумақтарынамасштабтау ұсынылды. Ахуалдық орталықты дамыту тәсілдерінқайта қарау, оның талдамалық құрамдасбөлігін күшейту және проблемаларды болжаумен басқарушылық шешімдер қабылдаудықолдау үшін жасанды интеллект құралдарынкезең-кезеңімен енгізу міндеті қойылды. Павлодар облысының ірі өнеркәсіптіккәсіпорындарымен жұмыстың жеке бағытықалыптастырылатын болады. Ірі кәсіпорындарда цифрландыруға жауаптыбасшыларды айқындау, цифрлық және AI-даму бойынша өз стратегияларын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпорындар орналасқан қалалармен аудандардың цифрлықтрансформациясына белсенді түрде атсалысуұсынылды. Ірі бизнес өз өндірісін цифрландыруменғана шектелмей, технологиялық жобаларды, кадрлар даярлауды және заманауишешімдерді енгізуді қолдау арқылы өңірдіңдамуына да қатысуы қажет. Сондай-ақ облыс әкімдігін, өнеркәсіптіккәсіпорындарды, IT-компанияларды, білім беру ұйымдарын және технологиялыққоғамдастықты біріктіретін Жасандыинтеллектті дамыту жөніндегі өңірлік кеңесқұру ұсынылды. Халықпен кездесу барысында кадрлардыдаярлау және олардың біліктілігін арттырумәселелеріне ерекше назар аударылды. Павлодар облысы экономикасыныңқұрылымы мен кәсіпорындардың мамандарғадеген болашақ қажеттілігін ескере отырып, цифрлық дағдылар мен жасанды интеллект бойынша өңірлік оқыту бағдарламасынқалыптастыру ұсынылды. Бұл жұмыс деректерді өңдеу орталықтарынорналастыру инфрақұрылымы дамып жатқанЕкібастұз үшін ерекше өзекті. Осығанбайланысты әкімдікке болашақта ДӨО-ларда, энергетика, IT және басқа да технологиялықбағыттарда жұмыс істей алатын мамандардыдаярлаудың жүйелі бағдарламасын алдын ала іске қосу ұсынылды. Осылайша, Павлодар облысының одан әріцифрлық трансформациясы өзара байланыстыбірнеше бағыт төңірегінде жүзеге асырылатынболады: практикалық AI-шешімдерді енгізу, бірыңғай ахуалдық орталықты дамыту, стартаптарды қолдау, ірі кәсіпорындардытарту және кадрларды жүйелі даярлау. Негізгі қағидат — цифрлық жобалар өңірдіңнақты қажеттіліктерінен туындап, тұрғындар, бизнес және мемлекеттік басқару үшінөлшенетін нәтиже беруі тиіс.
Материал агрегирован из первоисточника:
Profit.kz — ИТ в Казахстане
Читать полностью в Profit.kz — ИТ в КазахстанеМатериал собран из открытых источников. Если размещение затрагивает ваши права → Удалить информацию
Павлодар облысы AI шешімдерінің жаңа экожүйесіне қосылады
Павлодар облысы AI шешімдерінің жаңа экожүйесіне қосылады.
Кратко от AI: Главные тезисы
- Павлодар облысы AI шешімдерінің жаңа экожүйесіне қосылады.

Похожие материалы
Соосновательница Replika запустила Wabi — ИИ-мессенджер, который сам создаёт приложения
🤖 Соосновательница Replika запустила Wabi — ИИ-мессенджер, который сам создаёт приложения Евгения Куйда открыла доступ к Wabi — персональному ИИ-агенту, объединяющему мессенджер и генератор мини-приложений. Вместо привычных чатов здесь можно создавать отдельные треды под разные…
ENHugging Face CEO warns that Netflix’s OpenAI hack documentary isn’t accurate
Before you share the Netflix documentary "AI Gone Rogue" take note. Clem Delangue, Hugging Face's co-founder who is featured in the film, says it went "full doomer mode" and isn't accurate.
Бизнес SpaceX в области ИИ превзошёл ожидания инвесторов
SpaceX сообщает о росте прибыли в области ИИ, превзойдя ожидания.
Более персонализированный искусственный интеллект Gemini от Google направляется к вашей машине
Google внедряет личный интеллект в ИИ Gemini в вашем автомобиле. Благодаря этому обновлению Gemini в Android Auto и автомобили со встроенным Google смогут использовать вашу информацию в приложениях Google, включая Gmail, Календарь, Карты, Фотографии, YouTube и Поиск. В качестве примера Google говорит…

