9–10 қазанда Астанада өткен People&Projects Forum: Biomimetic & Management халықаралық форумында мемлекеттік басқаруды цифрландыру, жобаларды бақылауға жасанды интеллектіні енгізу және мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру мәселелері талқыланды. Форумда Қазақстандағы жобалық басқарудың цифрлық жүйесін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіру тәжірибесі де таныстырылды, деп хабарлайды Tech-news. Форумды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Astana IT University және People&Projects консалтингтік агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық ұйымдар мен академиялық ортаның мамандары қатысты. Форумның алғашқы күні басқару жүйелерінде табиғи үдерістердің қағидаттарын қолдануға арналды. Сарапшылар тірі жүйелерге тән бейімделу, өзара әрекеттесу, ресурстарды тиімді бөлу және тұрақтылықты сақтау тәсілдерін ұйымдар мен жобаларды басқаруда пайдалану жолдарын қарастырды. Сонымен қатар коммуникацияны жақсарту, жүйелі ойлау және тәуекелдерді басқару мәселелері талқыланды. 9 қазандағы бағдарламаға Анна Штайнцайг, Анар Есенгелдина, Ильяс Адильханов, Василь Галимов, Михаил Плотников, Сергей Колов, Каергелди Махамбетов, Карлығаш Сыдыкова, Зарина Биюмбаева және Петр Немой қатысты. Сондай-ақ жобалық басқаруды дамытуға үлес қосқан мамандар мен ұйымдар марапатталған People&Projects Awards рәсімі өтті. Форумның екінші күні жобалық басқаруды цифрлық құралдар арқылы жетілдіруге арналды. Қатысушылар жобалық офистердің жұмысын оңтайландыру, деректерді автоматты жинау, жобалардың орындалуын бақылау және жасанды интеллектіні басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдалану мәселелерін талқылады. Форумда Қазақстандағы жобалық басқару жүйесін жетілдірудің бірнеше бағыты таныстырылды. Олардың қатарында нормативтік-құқықтық базаны жаңарту, жобалық іс-шараларды өзге процестерден ажырату және мемлекеттік органдардың әкімшілік жүктемесін азайту бар. Цифрландыру аясында жобалық басқару жүйесін бірнеше мемлекеттік ақпараттық жүйемен тестілік интеграциялау жүргізілген. Келесі кезеңде деректер алмасуды автоматтандыру және жобалардың орындалу барысын бақылауды жетілдіру жоспарланған. Жасанды интеллектіні қолдану арқылы көрсеткіштерді талдау, жоспардан ауытқуларды анықтау, ықтимал тәуекелдерді болжау және басқарушылық шешімдер қабылдауға көмектесетін құралдарды дамыту көзделіп отыр. Бұл есептерді қолмен дайындауға кететін жұмысты азайтып, жобалардың нәтижесін жедел бағалауға мүмкіндік береді. 10 қазанда Рашад Ибрагимов, Петр Немой, Дилара Абжанова, Салтанат Қозғанова, Абылайхан Қадыров, Мерей Нұрсұлтанов және Мираим Атанаева баяндама жасап, тәжірибелік мысалдар ұсынды. Форум аясында орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің жобалық офистері арасында тәжірибе алмасу сессиясы да ұйымдастырылды. Альтаир Ахметов, Тимур Джунельбаев, Динара Абдигалиева, Гүлпара Ташенова және Мөлдер Баймағанбетова жобаларды ұйымдастыру, командалар арасындағы үйлестіру және цифрлық шешімдерді пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар жобалық басқарудағы мамандардың жаңа құзыреттерін дамытуға, цифрлық мониторинг жүйелерін енгізуге және стратегиялық құжаттардың орындалуын аналитикалық құралдар арқылы бағалауға назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттік секторда, бизнесте және білім беру саласында PMI, IPMA, ISO және Prosci халықаралық стандарттары мен әдіснамаларын қолдану тәжірибесі қарастырылды. Іс-шара соңында жобалық басқаруды дамытуға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге үлес қосқан орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жобалық офистері ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Сообщение Астанада жобалық басқаруға ЖИ енгізу мәселелері талқыланды появились сначала на Tech news.
Startups3 分钟阅读
阿斯塔纳讨论将人工智能引入项目管理的问题
在10月9日至10日于阿斯塔纳举行的People&Projects Forum: Biomimetic & Management国际论坛上,讨论了政府管理数字化、将人工智能引入项目监控以及政府机构工作自动化等议题。论坛在哈萨克斯坦……
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年10月13日 (10月13日)
提供 4 种语言版本AI 摘要:要点
- 在10月9日至10日于阿斯塔纳举行的People&Projects Forum: Biomimetic & Management国际论坛上,讨论了政府管理数字化、将人工智能引入项目监控以及政府机构工作自动化等议题。论坛在哈萨克斯坦……

全文为哈萨克语
相关文章
Startups1 分钟
Replika 联合创始人推出了 Wabi——一款可以自行创建应用程序的人工智能信使
🤖 Replika 联合创始人推出了 Wabi - 一个可以自行创建应用程序的 AI 信使。 Evgenia Kuida 开放了 Wabi——一个结合了信使和迷你应用程序生成器的个人人工智能代理。在这里,您可以为不同的...创建单独的线程,而不是通常的聊天。
Telegram — GPT Time | Нейросети | ИИ
ENHugging Face CEO warns that Netflix’s OpenAI hack documentary isn’t accurate
Before you share the Netflix documentary "AI Gone Rogue" take note. Clem Delangue, Hugging Face's co-founder who is featured in the film, says it went "full doomer mode" and isn't accurate.
TechCrunch — AI
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
谷歌更加个性化的 Gemini AI 即将进入你的汽车
谷歌正在为汽车中的 Gemini AI 带来个人智能。通过此更新,Android Auto 中的 Gemini 以及内置 Google 的汽车可以跨 Google 应用程序访问您的信息,包括 Gmail、日历、地图、照片、YouTube 和搜索。举个例子,谷歌说……
The Verge — AI

